25 Ақпан, 2014

Бізді шыңдаған партия

317 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
01-нұр отанЕліміздің өміріне жаңа бір тыныс, саяси серпіліс әкелген кешегі «Отан», бүгінгі «Нұр Отан» партиясының құрылғанына жақында 15 жыл толады. Сол саяси ұйымның алғашқы қадамдарына атсалысқан байырғы мүшелерінің бірі ретінде сол жылдардың суреттерін көз алдыма елестетіп, оқиғаларын ойға оралтып отырмын. Бүгінде тәуелсіз еліміздегі билік партиясына, беделі аса зор жетекші саяси ұйымға айналған «Нұр Отанның» Қазақстанның қазіргі өсуі мен өркендеуіне, көп ұлтты халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын тірлігіне үлкен үлес қосып, қарапайым көптің қорғаушысы, арман, мұраттарының қолдаушысы болып келе жатқаны қуантады. Үлкен мемлекеттің ұлан-ғайыр шаруаларының толыспай тұр­ған тұстары, жетіспей жатқан қыр­лары болса, алдымен байқап, дабыл қағып қана қоймай, соларды түзетуге, жұмыстарының жандануына серпін беретін партиямызды ел қашанда өзге саяси партияларға қа­рағанда тірек, ес, қорғаушы көре­тінін айту артық емес. Кейбір жауап­­сыз шенеуніктерден, кеудем­соқтау басшылардан қағажу көр­ген қарапайым жұрт алдымен «Нұр Отанға» келеді. Осы сая­си ұйымның пәрменімен үміт үзген­дей болған жұмысын тындырады, әділдік табады. Сондықтан, елдің қорғаушы ұйымына айналған сая­си партиямыздың 15 жылдығы ү­стінде оның шаңырақ көтеруінің алғашқы жылдарын еске ала отырсақ зайыр. Біздің «Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің Телерадио­кешені» коммерциялық емес ак­ционерлік қоғамы бастауыш ұйы­мының есебінде бүгінде Елбасы Әкімшілігінде, Орталық сайлау комиссиясында және Президенттің Телерадиокешенінде қызметтер атқаратын 230 партия мүшесі есепте тұрады. Бастауыш ұйым ал­­ғашқы құрылу кезеңінде Үкі­метте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Басқару академиясында жұмыс жасайтын азаматтардың да саяси партиялық жұмыстарына жетекшілік етті. Сол жылдары Президент Әкімшілігіндегі партия тобына Зәуреш Баймолдина, Орталық сайлау комиссиясындағы топқа Григорий Кулеш, Үкіметтегі партия тобына Дмитрий Глуких, Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі мен Басқару академия­сы­на Миргүл Нарбинова сәтті же­тек­­шілік етті. Алғашқы жылдары жаңа саяси партияның қоғам­да­ғы ықпалын арттыру, беделін көтеру бағыттарында бастауыш ұйы­мымыз да «Бірлік» филиалы мен Астана қалалық партия ұйымының күнбе-күнгі бас­шы­лықтарымен көп жұмыстар тындырды. Партияға алдымен тәртіп керек. Егер оның мүшесі ай сайын­ғы жарна төлеудің өзін ұмыта берсе, ол өзінің осынау сая­си ұйым­ға қатыстылығын қапер­ден шығарады. Оның саяси-көпші­лік жұмыстарына да мүлдем қатыс­пайды. Біз алдымен осы жарна төлеудегі ұқыптылықты жолға қой­дық. Осы арқылы әр партия мүшесінің саяси ұйымның жар­ғысына сай жауаптылығын көтердік. Жасыратын не бар, ал­­ғаш­қы жылдары «Отан» пар­­тия­­сының қатарына кездейсоқ, жауап­кер­ші­лікті онша сезіне бер­мейтіндер өтіп кетті. Жарна төлеуге мойны жар бермейтіндер мен жи­на­лыс­тарға мүлдем қатыс­пай­тын­дар және жүктелген партиялық тапсы­рыс­тарды орындамайтындар партия мүшелерінен шыға бастады. Десек те, бастауыш ұйымның бюро мүшелерінің көмегімен ондай жандарды тез арада тәртіпке шақырдық. Алғашқы жылдары Үкіметте небәрі 6 ғана партия мүшесі болса, кейін бұл партия тобынан үлкен бастауыш ұйым өсіп шықты. Партияның алғашқы құрылған жылдарында біздің де бастауыш ұйымымызда 17 мүше ға­на болса, бүгінде қатарымыз өсіп, нұротандықтар саны 230 адам­ға жетті. Ұйымның бюро мүше­лері Г.Кулеш, Б.Темірболат, М.Жа­қы­пов, Г.Әжіғұлова, Ж.Үсін­баева, Ж.Қожахметов, Л.Сү­леймен, С.Мусина, Г.Қамарова, Б.Бәймешев, Н.Галихин, Р.Тәуе­келев партиялық тапсырыс­тар­ға әр уақытта да үлкен жауап­кер­­шілікпен қарайды. Осы адам­дарымыздың арқасында бастауыш ұйымымыз «Бірлік» филиалына қарасты 47 бастауыш ұйымдардың арасында өз орны бар, белгілеген шараларын уақытында орындайтын, ел өміріндегі саяси-бұ­қа­ралық шараларға белсене қа­ты­сатын білікті де ұйымшыл ұйымға айнала бастады. Әлбетте, бастауыш ұйым өзі­нің күнбе-күнгі жұмыстарында «Бірлік» филиалы мен партияның жоғары органдарының тапсырыстарын, Елбасының мемлекет тағдырына, елдің әлеуметтік-эко­­но­­микалық стратегияларына қатысты дерективаларын бас­шы­лыққа алады. Солардың насихатшысы, қалың бұқараға жеткізушісі бола біледі. Сөз ретінде, біздің «Бірлік» филиалының бүгінде 5495 партия мүшелерін біріктіріп отырғанын айта кеткіміз келе­ді. Филиал төрағасы Абай Би­сем­баев бастаған бірліктік нұротан­дықтар тек 2013 жылдың өзінде ғана халық арасында 395 шара өткізіп, оған 15 мыңнан астам адам қатысты. Бұл көпшілік жұ­мыс­тардың соқталыларына бір­лік­тік нұротандықтар жоғары деңгейлерде өткізген көп балалы аналарға, Ұлы Отан соғысына қатысушы әйелдерге, сол қиын-қыстау кезеңдерде тылда жан аямай еңбек жасағандарға арналған «Асыл аналар» атты шаралар шоғы­рын жатқызуға болады. Ал аталған жылдың 5 сәуірінде бірліктіктер ұйымдастырған «Әлем­дік денсаулық күні» бас қала­мыздың тұрғындарына емдеу мекемелері тегін қызметтер көр­сетті. «Бір тамшы қан – өмірді құт­қарушы» акциясына 332 донор қатысса, «Ардагерлерді ардақтайық» шарасында 156 соғыс және тыл ардагерлеріне лайықты құрметтер көрсетілді. Партия мү­ше­лері арнайы сапармен балалар үйлері мен интернаттарда болып, олардағы тәрбиеленушілерге ықыласты қамқорлықтарын көр­сеткен акциялар да есте қалды. Еліміздің бас қаласының 15 жыл­дығына арналған «Астана – Қа­зақ­стан тәуелсіздігі мен жетіс­тік­терінің айғағы» шарасына елорданың 3094 тұрғыны белсене атсалысты. Бастауыш ұйым «Бірлік» филиалының құрамында болғандықтан, осынау шараларға мүмкіндігінше атсалыса отыра, өзі тарапынан да ондаған дөңгелек үстелдер тағдыры қызық адамдармен жүздесулер өткізді. Олардың арасында Ресей елшілігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ардаргерлер кеңесімен, Астананың Ішкі істер департаментімен, «Са­мұрық-Қазына» қорының «Фар­мация» ЖШС-мен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, «Парасат» ұлттық ғылыми-техно­ло­гиялық холдингі» АҚ-пен бір­лесіп өткізген шараларға да «Бір­лік» филиалының 49 бастауыш ұйымдарының өкіл­дерін шақырдық. Жұмысымызды бұлайша кең көлемде жүргізуіміздің себебі, біздің Телерадиокешендегі бас­тауыш ұйымға филиалдың үгіт-насихат жұмысын жүргізу мін­деттелген. Елбасының тағдыр­шешті биылғы Жолдауын халық зердесіне жеткізу, насихаттауда да белсенді істер атқарудамыз. Бастауыш ұйым қарапайым адамдардың тілек-өтініштеріне де үлкен жауапкершілікпен қарап, мүмкіндігінше қолұшын беруге күш салады. Әрине, бастауыш ұйымның өз қабылдау күндері жоқ. Дегенмен, біздің есігіміз өз ұйымымыздың есебінде тұратын нұротандықтармен қатар, кез кел­ген қазақстандыққа да айқара ашық. Шамамыз жеткенше, кімге де болсын қол ұшын беруге тырысамыз. Партия –халықтың қыз­мет­шісі, Елбасының да елгезек көмекшісі. «Нұр Отан» өзі құрылғаннан бері билік пен ха­лықтың арасындағы алтын көпір, тіні үзілмес дәнекер бола білуде. Өткен 14 жылдың ішінде бастауыш ұйымымыз ондаған қарапайым жанға қол ұшын берді. Мұны өз басым жетістігіміздің соқ­талысы деп ойлаймын. Он бес жылдың ішінде «Нұр Отан» бізді шыңдады, халықтың шын мәніндегі қам­қоршысы, Елбасының елгезек көмек­шісі болуға тәрбиеледі. Алда да осы ниеттен, осы жолдан айнымасымыз анық. Смағұл РАХЫМБЕК, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы үгіт-насихат тобының жетекшісі, бастауыш ұйымының төрағасы. АСТАНА.