Қоғам • 17 Қараша, 2021

Халыққа көмір қашан жетеді?

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде әкімдіктердің, көмір өндіруші компаниялардың және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізіліп, халықты көмірмен қамту мәселелері қарастырылды.

Халыққа көмір қашан жетеді?

Жауапты ведомствоның дерек­те­ріне сәйкес биыл қаңтар-қазан ара­лы­ғында елімізде 88 млн тоннаға жуық көмір (көмір концентратын қоспағанда) өндірілді. Бұл былтырғы деңг­ейден (100,2%) жо­ға­ры.

«Энергия өндіруші кәсіпорын­дар­ға шамамен 48 млн тонна, өнер­кә­сіптік кәсіпорындарға 5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қа­жет­­тіліктерге және халыққа 7,6 млн тоннадан астам көмір тиелді. «Қа­­зақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ өңір­лерге көмірді жеткізу жоспары басым негізде орындалатынын және көмір кеніштерінен түсетін өті­­нім­дер ұлғайса, қажеттілікті ашық вагон­дармен қамтамасыз ету­ге өзінің дайын екенін растады», делінген министрліктің ақ­па­ра­тында.

Кеңес барысында Ақмола, Ал­ма­ты, Шығыс Қазақстан, Қос­та­най, Қызылорда, Пав­ло­дар, Солтүстік Қазақстан облыс­та­­рының, Алматы мен Нұр-Сұл­тан қалаларының тұр­ғындары үшін көмірді жөнелту жоспары пысықталды. Осы өңір­лер­дің әкім­дік­тері тұрғындардың кө­мірге қажет­ті­лігін қамтамасыз ету­ді уақтылы ба­қылауы тиіс.

Құзырлы органның бастамасы­мен және өндірушілердің қол­да­уы­мен қарашада өңірлерге көмір жеткізу көлемі 487 мың тон­на­ға ұл­ғайтылмақ. Халық арасында үл­кен сұранысқа ие Шұбаркөл кө­мі­­рінің 240 вагоны өңірлерге күн са­йын қосымша жөнелтіледі дейді министрлік. 

Көмір кәсіпорындары қатты отын­­ның қажетті көлемін өндіруге, ал те­міржолшылар көмірді уақтылы жет­­кізуге жауапты. Жергілікті ат­қа­­ру­шы органдар тұтыну көлемін нақ­ты жоспарлауға, көмір сатып алуды уақытында жүргізуге, сондай-ақ оның өңірдегі және бар­­­лық қорын бақылауда ұстауы тиіс деп санайды Индустрия ми­нистрлігі.

Баға мониторингін жүргізу және қатты отын құнын көтеру жағ­дай­ларын анықтау – құзыретті уәкі­лет­ті органдардың міндеті.

Көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті ведомство Тау-кен өндіру және тау-кен ме­таллургия кәсіпорындарының қа­­уым­дастығымен меморандумға қол қойды.

Ресми статистикаға сәйкес ке­ніш­­тер­ден көмірді жіберу бағасы Қара­ғанды облысында тоннасына – 7 093 теңге, Павлодар облысында – 3 375 теңге, сондай-ақ тұтастай елімізде – 5 600 теңге.