Жол көлік оқиғасы туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады. Департамент таратқан мәліметке сенсек, апат таңғы сағат 08:00 шамасында болған.
«Алматы-Өскемен тас жолының 223-шақырымында, Көксу ауданының аумағында болған жол апатының зардабы ауыр. Болжамға сай, «Hyundai Accent» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатқан. Ол рульге ие бола алмай, шығыс бағыттағы жол жиегіне шыққан. Осылайша арыққа аударылған. Салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.