Елорда • 18 Қараша, 2021

«Мың баланың» жеңімпаздары марапатталды

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан хал­қы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағар­ту­шы­лық жобасын қорытындылаған салтанатты жиын өтті.

«Мың баланың» жеңімпаздары марапатталды

Іс-шараға Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігінің Этнос­аралық қатынастарды дамыту к­омитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Парламент Мәжілі­сінің депутаттары, ҚХА мүше­лері, шығармашыл және зиялы қауым өкілдері, жоба жеңім­паздары, мемлекеттік тілді оқыту әдіскерлері, жастар ұйым­дарының белсенділері мен мү­шелері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты. «Мың бала» жобасының мақсаты – түрлі этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларын, жас­тарын мемлекеттік тілді оқыту процесінде қазақ халқының ұлт­тық рухани құндылықтарына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына бау­лу арқылы қазақстандық біре­гей­лік пен бірлікті дамытуға үлес қосу.

Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шой­кин кіріспе сөзінде елдегі татулық пен бірлікті нығайту сияқты асқаралы міндет жүктелген Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз қызметінің басымдықтарының бірі ретінде мемлекеттік тілді да­мыту бағытында ауқымды жұ­мыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Жиын барысында «Мың бала» республикалық мәдени-ағар­­тушылық жобасының екі номинациясы бойынша өңірлерде ұйымдастырылған «Өнер алды – қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер» байқауларының жеңім­паздары марапатталды.

Бүгінгі таңда елімізде 5 644 ұйым балаларды қазақ тілінде оқытып жүрсе, 3 798 қазақ мектебі жұмыс істейді. Достық үйлерінде, респуб­ли­каның этномәдени бірлес­­тіктерінде 174 жексенбілік мектеп жұмыс іс­тейді, оларда мемлекеттік тілде оқы­татын 124 топ бар. Қазақстанның бар­лық этносы мемлекеттік тілдің осы жаңа әлеуметтік рөлін қол­дайды, оның өміршеңдігіне және біріктіруші әлеуетіне сенеді.

Биылғы «Мың бала» жобасы аясында «Тіл мектебі» ав­торлық курсы жоғары дең­гейде ұйымдастырылды. Тіл үйре­тудің инновациялық бірегей әдіс­темелерімен өңірлерден келген 15 әдіскер таныстырылып, маңызды іс-шараға түрлі этнос­тардың жас­тары – 37 тіл үйренуші қатысты.

Жас жеңімпаздарды және үздік әдіскерлерді ынталандыру мақсатында оларға Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттары мен дипломдары және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап жыл сайын өткі­зілетін «Мың бала» жобасы түр­лі этностардың балалары мен жас­тарының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің қол­­данылу аясын кеңейтуге, бала­­лар мен жастар арасында мем­ле­кеттік тілді үйренуді наси­хат­тайтын волонтерлер санын ұлғайтуға ықпал етеді.