Алматыда «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шығару жоспарланған.

Фильм қазақтың көрнекті ағартушы-ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған. Картинаның сюжеті Ахмет Байтұрсынов өмірінің барлық кезеңін қамтиды.
Түсірілім тобын Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарады. Е.Нұрмұхамбетов «Жаңғақ ағашы» фильмі үшін Пусан халықаралық кинофестивалі (Оңтүстік Корея) «Жаңа ағымдар» секциясының Гран-приін иеленген. Режиссердің «Уақыт жолдары» атты соңғы картинасы да осы жылы Францияда прокатқа шықты. Оның серіктесі Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмнің қоюшы режиссері болған.
Басты рөлде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды. Бұрынғы тергеу изоляторының ғимаратында жайғасқан түсірілім алаңында белгілі актер болашақ фильм туралы аз-кем ойын білдірді. «Бұл – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы фильм. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы, оның күресі туралы. Бұл мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан үлкен жоба. Байтұрсынов – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақтың бойындағы отаншылдық сезімді ұштау үшін осындай мазмұндағы фильмдерді көп түсіргеніміз дұрыс. Өйткені Ахмет Байтұрсыновтың аласапыран уақытқа қарамай ұлт үшін атқарған еңбегі, Алаш Орда қайраткерлерінің ерлігі – бүгінгі күні кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды бүгінгі көрерменге көрсетудің, олардың өнегелі істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі етудің барлық мүмкіндігі қарастырылуы керек», – дейді актер.
Сондай-ақ картинада Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев секілді белгілі актерлер бой көрсетеді.
Фильм негізінен Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында түсіріледі. Қоюшы оператор – Марс Омаров. Бас продюсер – Дастан Атығаев. Сценарий авторы – Ғалым Доскен. Жыл соңына дейін авторлар 14 ауысымды түсіруді жоспарлап отыр. Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылы түсіріледі. Картинаны Folklore media ЖШС шығарады.
АЛМАТЫ
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар