Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аңшылар шартқа отырып, қаруларын кәсіби мамандардың күзетіне уақытша сақтауға тапсыра алады. Шарттың талаптары бойынша иесі қаруы мен оқ-дәрілерін кез келген уақытта заңды пайдалануға алып, кейін қайта сақтауға тапсыра алады.
«Қаруы барларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Оны сақтаудың да өз талаптары бар. Қаруды тек сейфте жалғыз өзін сақтау қажет. Сондай-ақ дабыл орнатуы тиіс. Полиция қызметкерлері қарудың белгіленген ережелерге сәйкес сақталуына көз жеткізу үшін қару иелерін тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп тұрады. Қарудың орталықтандырылған түрде сақталуы иелерін көптеген келеңсіз жайттардан сақтандырады, қарудың ұрлануына, криминалдық ортаға түсуіне жол бермейді», деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Жыл басынан бері облыста қару иелеріне қатысты 852 құқық бұзушылық анықталды, оның 568-і қаруды сақтау ережелерін бұзумен байланысты.