Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Тасаралдың әкімі топ жарды

491 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» респуб­ликалық байқауын екінші рет ұйым­дастырды. Үміткерлер «Қа­зақстан Республикасының үздік ауыл әкімі», «Үздік ша­руашы­л әкім», «Ашық әкім», «Үз­дік әлеуметтік жоба» сияқ­ты аталымдарда бақ сынады.

Тасаралдың әкімі топ жарды

Осы байқауға қатысқан Ақтоғай ауданындағы Тасарал ауылының әкімі Нұржан Сейітов «Үздік ша­р­­уашы­л әкім» аталымы бойынша же­ңім­паз атанды.

Ақтоғайлық әкім­нің жасы отыз­дан енді асқан. Мем­лекеттік қыз­метте 2015 жылдан бері еңбек етеді. Тасарал ауыл­дық окру­гінің әкімі қыз­метінде жүр­ге­ніне биыл төрт жыл болыпты.

Нұржан Сейітов төрт баланы тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының отағасы. Зайыбы Тасаралдағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Тасарал ауылының тарихы терең­нен сыр тартады: оның іргесі 1929 жылы қаланған. Бүгінде ауылда 423 адам тұрады.

Көкше теңіздің жағасындағы аядай ауылда 13 шаруа қожалығы және үш жекеменшік кәсіпорын жұмыс істейді, олардың екеуі балық аулау­мен айналысады. Бұдан бөлек, Та­саралда нау­байхана, шаштараз бар.

Тасаралдың жас әкімнің алдағы уақыттағы жоспарында мектепте қо­сал­қы сыныптарға арналған үй-жай­лар салу бар. Себебі бала саны жылдан-жылға өсіп келеді. Ал бала­бақша келесі жылы айқара есік аш­пақшы. Ауылда бала саны ғана емес, тұрғындар қатары да кө­бейіп келеді. Яғни жаңа адамдар көшіп келуде. М­ұның өзі Тасаралда тіршіліктің қаза­ны қайнап жатқанын аңдатса керек.

Сондай-ақ ауыл әкімі алдағы уа­қытта жылу қазандығын қайта жаңартуды және бірінші кезекте көп­балалы отбасылардың үйін жылуға қосуды қолға алмақшы. «Басты мақ­сат – ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту», дейді жас әкім.

 

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы,

Тасарал ауылы