Парламент • 23 Қараша, 2021

Сенатта әскери ынтымақтастық мәселесі талқыланды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Қарулы Күштерінің Тәжікстан және Қырғыз Республикасы әскерлерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенатта әскери ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Онда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы және өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі келісім ратификациялауға ұсынылады. Құжаттың басты мақсаты – тәжік-ауған шекарасының аумағында қауіпсіздікті нығайту болып отыр.

Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялауға қатысты тағы бір заң жобасына сәйкес әскери мүлікті Қазақстаннан Қырғыз Республикасына бір реттік беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету көзделуде. Құжаттың негізгі міндеті – Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту.

Тараптар бұл ретте барлық көрсетілген келісімдер бойынша алынған әскери мүлікті тек осы Келісімнің мақсаттарында пайдалануға және оны үшінші тарапқа бермеуді міндетіне алатын болады.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.