Висконсин штатындағы Уокешо қаласындағы Рождество шеруі кезінде жол талғамайтын көліктің адамдарды жаппай басуы салдарынан 52-81 жас аралығындағы бес адам мерт болды деп хабарланды. Бүгінде зардап шеккендер саны 48-ге жетті.
Полицияның мәлімдемесіне сәйкес, 39 жастағы кіші Даррел Эдвард Брукс қамауға алынған, оған бес адамды қасақана өлтірді деген айып тағылады. Уокешо қаласының полиция департаменті болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағаламайды.
Құрбандар мен зардап шеккендер арасында оқушылар мен егде жастағы адамдар болған. Қазіргі кезде ондаған адам госпитальдерде жатыр. Висконсин штатының балалар педиатриялық ауруханасының мәліметіне сәйкес, 18 бала түрлі бас жарақаттары және сынықтарымен ауруханаға түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің арасында 3 жастан 16 жасқа дейінгі балалар болған. 10 балаға қарқынды терапия педиатриялық палатасында көмек көрсетілді. Рим-католик Милуоки Архиепархиясы зардап шеккендердің қатарында дін қызметшісі, бірнеше шіркеуге келуші және жергілікті католик мектебінің білім алушылары бар екенін мәлімдеді.
Бұдан бұрын АҚШ-тың Висконсин штатындағы Уокешо қаласында Рождество шеруі кезінде автоөліктің адамдарды жаппай басқаны туралы хабарланған болатын.