Әлем • 23 Қараша, 2021

АҚШ Ресейге қарсы ядролық қару қолдану нұсқасын пысықтаған ба?

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей әскери күштері Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақын жерде АҚШ әскери-әуе күштерінің стратегиялық бомбалаушы авиациясының белсенділігінің едәуір артуын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Ресейге қарсы ядролық қару қолдану нұсқасын пысықтаған ба?

«Біз Ресей шекараларына жақын жерде америкалық стратегиялық бомбалаушы авиацияның айтарлықтай жанданғанын атап өтеміз. Соңғы айда Ресей Федерациясының шекарасына 30-ға жуық жоспарлы операция жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп», деді Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сейсенбіде Қытайдың қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен өткізген келіссөз отырысында.

Кейіннен тағы сөз алған ол «Осы айда АҚШ-тың стратегиялық күштерінің «Global Thunder» жаттығуы кезінде 10 стратегиялық бомбалаушысы Ресейге қарсы ядролық қаруды Батыс және Шығыс бағыттарынан бір уақытта дерлік қолданды», деді өз ойын қорытып.