Қазақстан • 24 Қараша, 2021

ҚХА Хатшылығының кеңейтілген жиналысы өтті

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 23 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚХА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХА Хатшылығының кеңейтілген жиналысы өтті

Кеңеске Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Р.Егізбаев, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Ы.Шанаи, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары А.К.Садвокасова, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабтарының басшылары қатысты. 

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру жөніндегі мәселелер талқыланып, әдістемелік ұсынымдар берілді. 

ҚХА өңірлік хатшылықтары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметінің өзекті мәселелері, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасының республикалық тұсаукесерін өткізуді ұйымдастыру, азаматтық интеграция, жалпыұлттық бірлік және этносаралық қатынастарды үйлестіру тақырыбына қолданбалы зерттеулер мәселелері талқыланды, ҚХА этномәдени бірлестіктеріне қоғамдық аккредиттеу жүргізу бойынша бірқатар мәселелер белгіленді. 

ҚХА Аналар кеңесінің өңірлердегі жұмысын қолдауды ұйымдастыру және олардың «толассыз жобаларын» іске асыру туралы ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Ы.Шанаи хабарлама жасады және ҚХА-ның алдағы Республикалық Сессиясына дайындық барысы туралы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Ғ.Жұмырбаев баяндады.