Аймақтар • 25 Қараша, 2021

ШҚО-да пара алған шенеунік сотталды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да пара алған шенеунік сотталды

Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған сотталушы осы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында көлік жолдарын жөндеуге қосымша келісімдер жасасу кезінде ЖШС басшысына көмек көрсетемін деп 1 800 000 теңге пара алған.

Сот барысында оның кінәсі куәгерлер сөзімен және жасалған келісім шарт сынды құжаттармен дәлелденді.

«Айыпталушы өз сөзінде кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен ол 3 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Сонымен қатар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.