Президент • 25 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне барды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне барды

«Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-Министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.