Президент • 26 Қараша, 2021

Тоқаев: Қазақстан – Еуроодақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі

67 рет көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің тиімді жүзеге асырылуына баса мән бере отырып, Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық салалар бойынша ықпалдастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы күреске, оның ішінде вакциналарды және вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Бұдан бөлек тараптар халықаралық және өңіраралық күн тәртібін, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды және осы елге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш жұмылдыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің Еуропалық кеңес Президенті лауазымындағы көшбасшылығын жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастыққа бағытталған ашық әрі конструктивті ұстанымына ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында өзара сенімге, құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынас орнағанын атап өтті.

Тараптар 29 бағыт бойынша ықпалдастықтың құқықтық негізін қалыптастыратын Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық  туралы келісімді толық іске асырудың маңыздылығын атап өтті. ЕуроОдақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының, сондай-ақ ЕуроОдақ – Орталық Азия бағытындағы белсенді диалогтың тиімді жүзеге асырылу барысына оң баға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, ЕуроОдақ – Қазақстан экономикасына жалпы 160 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған ең ірі инвестор. Ал Қазақстан – ЕуроОдақтың Орталық Азия аймағындағы ең ірі сауда серіктесі. Өзара сауда айналымы 24 миллиард долларға жеткен.

Кездесуде Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы су ресурстары мәселесіне тоқталып, аймақтағы мемлекеттердің гидроэнергетика, ирригация және қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды мүдделерін теңестіруге бағытталған Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент еуропалық серіктестерді Қазақстанның бастамасын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ЕуроОдақ жүзеге асырып жатқан еуропалық «жасыл келісім» атауымен белгілі жаңа экологиялық даму моделіне тоқталды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев сенімді әрі тұрақты түрде шикізатқа қолжетімділікті, сондай-ақ еліміздің аккумуляторлық құн тізбегіне бірігуін қамтамасыз ету арқылы Еуропалық шикізат альянсымен және Еуропалық аккумуляторлық альянспен арадағы серіктестікті жолға қоюға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Қарсыласын 7 раунд бойы сабады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:32

Индонезияда жер сілкінді

Әлем • Бүгін, 09:32

Үшінші жеңіліс

Жекпе-жек • Бүгін, 09:02

Жоспарын жоққа шығарды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Үздік ондықта Головкин жоқ

Кәсіпқой бокс • Кеше

Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Кәсіпқой бокс • Кеше

Ұқсас жаңалықтар