Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Хирн Андрадені Әлімханұлымен жұдырықтастырғысы келмейді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн боксшының әзірге Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығатын жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хирн Андрадені Әлімханұлымен жұдырықтастырғысы келмейді

«Бүкіләлімдік бокс ұйымы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы ретінде Жәнібек Әлімханұлын белгілеп, жекпе-жекті ұйымдастыру туралы шешім қабылдай ма? Дәл қазір ондай қадамға бармайды. Оның командасы осы шайқасты ұйымдастыру туралы сұраныс хат жіберді. Эгистің хатына ұйым да, біз де қазір жауап беру үстіндеміз. Деметриус екі жекпе-жек бұрын Лиам Уильямсқа қарсы рингке шығып, міндетін орындады. Андраденің үлкен шайқасқа шығуына мүмкіндік беріңіздер. Ол үлкен кездесу өткізгісі келеді. Олармен байланыс кезінде осы мәселе біздің басты аргументіміз болады», дейді промоутер.

Иә, бұған дейін Жәнібектің менеджері бүкіләлемдік бокс ұйымына Жәнібекті Деметриустің міндетті қарсыласы ретінде белгілеу туралы сұраныс хат жіберген болатын. Алайда Эдди Хирн боксшысының Жәнібекпен емес, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарломен қолғап түйістіргенін қалайды.