Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Бек пен Айдос жаттығуға кірісті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлері Айдос Ербосынұлы, Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Данил Семенов алдағы айларда шаршы алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бек пен Айдос жаттығуға кірісті

Аттары аталған былғары қолғап шеберлері жаттығу процесіне шындап кірісті. Жаттығу залында шүмектеп тер төгіп жүрген боксшыларымыз іске шындап кіріскеніне қарап, қаңтар айының аяғында немесе ақпан айының басында шаршы алаңға оралуы ықтимал деген ойдамыз. Алайда «Suleimen Promotions» ұйымы әзірге нақты мәлімет таратқан жоқ. Тек боксшылардың бірге түскен суретін ғана жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл боксшылар қыркүйек айында елордада өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан болатын. Кештің басты жекпе-жегінде рингке көтерілген екінші орта салмақтағы саңлағымыз Айдос Ербосынұлы Леннокс Алленді уақытынан бұрын ұтып, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанған еді. Бұл салмақта аталмыш тұжырым бойынша мексикалық Сауль Альварес әлем чемпионы екені мәлім.