Кәсіпқой бокс • 26 Қараша, 2021

Сарапшы: Әлімханұлы Адрадемен жекпе-жекке дайын

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі The Ring тілшісі Майкл Монтеро қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Жәнібек Әлімханұлының кәсіби мансабына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшы: Әлімханұлы Адрадемен жекпе-жекке дайын

«Жәнібек соңғы жекпе-жегінде тамаша жеңіске қол жеткізді. Ол өзінің шын шебер екенін көрсетті. Менің ойымша ол WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға толық дайын. Бұл керемет кездесу болар еді. Екеуінің жеңіске жету мүмкіндігі тең», дейді америкалық сарапшы ойымен бөлісіп.

Иә, мұхиттың арғы бетіндегі көптеген сарапшылар Жәнібектің француз өрені Хассан Ндам Нжикамды оңай жеңгені жайлы жарыса жазып жатыр. Олар қазақ боксшысы болашақта орта салмақтағы әйгілі отандасымыз Геннадий Головкинді жоқтатпайды дегенді де алға тартты.