Аймақтар • 27 Қараша, 2021

Есірткі қабылдап, жолаушыларға бет алған

1156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қарашада полиция қызметкерлері Павлодар қаласы Нұрмағамбетов көшесіндегі бағдаршамда тоқтап, көрші қатарда тұрған ПАЗ-32053 автобусы жүргізушісінің оғаш мінез-құлқына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі қабылдап, жолаушыларға бет алған

Жүргізуші үнемі айналасына қарап, қатты күліп отырған. 

Полицейлер жүргізушінің мұндай мінезін күдікпен қабылдап, автобусты тоқтатты. Тексеру кезінде қырық жастағы жүргізуші есірткі қабылдаған күйде болды.

Медициналық куәландыру бұны растады, жүргізуші есірткіге масайған күйінде автобусты тізгіндеген.

Анықталғандай, ер адам қалалық ЖШС-нің бірінде жұмыс істейді. Сол түні ол ауысымға шығып, қалған жұмысшыларға бет алған.

«Жүргізуші өзін ақтау үшін, есірткіні ауырсынуды басатын құрал ретінде қабылдағанын айтты», дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қамалды. Сот қаулысымен жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.