Сұхбат • 30 Қараша, 2021

CNPC корпорациясы Қазақстанда: 24 жылдық бірлескен жұмыс

548 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғынан кейін екі апта өткен соң, 2022 жылдың 3 қаң­та­рында Қазақстан тағы бір маңызды мерейтойды – Қытаймен арадағы дип­ломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеді. Көршілес держава алғашқылардың бірі болып азаттығымызды мойындады, міне, содан бері екіжақты достық қарым-қатынас жыл өткен сайын нығайып келеді. Ал Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (China National Petroleum Corporation – CNPC) Қазақстанның ең ірі стратегиялық серіктестерінің біріне айналып, келесі жылы біздің елдегі қызметінің 25 жылдығын атап өтпек. Осыған орай, бүгін Қазақстандағы CNPC кеңсесінің басшысы Ли Юнхун көпжылдық жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың қорытындысы туралы айтып береді.

CNPC корпорациясы Қазақстанда:  24 жылдық бірлескен жұмыс

– Ең алдымен, барша қазақ­стан­дықтарды келіп жеткен Қа­зақстан Республикасының Тәуел­сіз­дік күнімен және Тұңғыш Пре­зидент күнімен құттықтауға рұқ­сат етіңіздер. Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланған болатын. Бұл адамның есімі тәуелсіз Қазақстанның же­тіс­тіктерімен, атап айтқанда, еге­мендікпен, демократиялық қо­ғаммен, ұлт бірлігі мен тұ­рақты экономика құрып, оны дамытумен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемге аса көрнекті саясаткер ретінде та­­нымал, оның бүкіл ғұмыры – хал­қына, Отанына қызмет етудің жар­қын үлгісі.

Елбасы Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Қытай Халық Рес­публикасының арасында эко­но­микалық, саяси және мәдени салалардағы берік, өзара тиімді әрі тату көршілер ретіндегі қа­рым-қатынастың дамуына зор үлесін қосты. Ол ұсынған «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат ҚХР Төрағасы Си Цзинь­­пин­нің «Бір белдеу – бір жол» атты бастамасымен ұқ­сас келіп отыр. Екі елдің де үкі­ме­ті де Қазақстан мен Қытай ара­­­сындағы старатегиялық сау­да-экономикалық ын­ты­мақ­тас­тықтың игілігі үшін бұл бағ­дар­ламаларды жұптастыру тура­лы шешім қабылдады. 2019 жылдың сәуірінде Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай­дың шетел азаматтарына беретін ең биік мемлекеттік наградасы – Достық орденін табыстаған бо­латын.

6568

– Біздің білуімізше, Елба­сы­ның тікелей қаты­суымен және қолдау танытуының арқа­сында Қазақстан мен Қы­тай мұнай-газ саласындағы ын­ты­­мақтастық туралы негіз­гі ке­­лісімшарттарға қол қой­ған. Бұл серіктестік қашан бас­тал­ды?

– 1997 жылдың 4 маусымында Алматыдағы Президент сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Мемекеттік кеңе­сі­нің вице-
пре­мь­­ері Ли Ланьцин «Ақ­тө­бе­мұ­найгаз» ком­па­ния­сы­ның акция­ларын сату-сатып алу туралы Келісімге қол қойды. Тендерді біздің CNPC компаниясы жеңіп алды. Сол жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысындағы Жаңажол және Кеңқияқ кен орындарын пайдалану туралы Келісімшартқа қол қойылды. Бұл тарихи құжатқа қол қоя отырып, CNPC компаниясы Қазақстан Үкіметіне 20 жыл бойы Ақтөбе жобасының дамуына кемі 4 млрд доллар инвестиция құюға міндеттелді. Алайда 2021 жылға дейін салынған қаражат 10,3 млрд доллардан асты.

– Бұл қомақты қаражат нақ­ты қандай мақсаттарға жұм­­салды? CNPC акция­лар­ды са­тып алған кезде кәсіпо­рын­дар­дың жағдайы қандай еді?

– Акциялары сатылған кезде «Ақтөбемұнайгаздың» жағдайы мәз емес еді, компанияның деби­тор­лық және несиелік қарыздары шаш етектен болды, логистика каналдары жойылған соң тоқырау басталып, жұмысшылардың жа­ла­қысын төлейтін қаражат жоқ еді, оның үстіне, құрылғылар әбден тозған болатын.

Алғашқы күндерден бастап-ақ CNPC компанияны дамы­ту үшін жоспарлы түрде ауқымды жұмыстарды атқара бас­тады. Өндіріс пен басқару сая­са­тын­да­ғы негізгі бағыттарға тоқ­тал­сақ, ол:

  • Өндірістегі техниканы түбе­гей­лі өзгерту, әлемдік стан­дарт­қа сай жаңа техникалар алу;
  • Ғылыми ізденістерді, жаңа технологияларды енгізу арқылы көмір­сутегін қазу көлемін арттыру;
  • Басқаруды заманауи менеджмент жүйесіне үйрету, бас­­қаруды бақылаудың халық­ара­лық тәжірибесін енгізу;
  • Өнімді сататын жаңа каналдар табу;
  • Адам капиталын дамыту, еңбек қауіпсіздігіне назар аудару;
  • Экологиялық қауіпсіздік жүйесін, қалдықтар тастамайтын және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;
  • Корпоративті және әлеу­мет­тік саясатта жаңа жетіс­тік­тер­ге талпыну;

– Яғни инвестор келген соң компанияның жұмысына қан жүгірді деген сөз ғой. Жалпы, CNPC туралы аздап айтып бе­ре­сіз бе? Әлемдік алпауыттар рейтингісінде сіздердің кор­­по­ра­цияларыңыз нешінші орын­да тұр?

9656

– Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы әлемде озық орынға ие болып отырған ха­лықаралық кешенді энерге­ти­ка компаниясы. CNPC Қы­тай­дың ең ірі мұнай өндіруші ком­па­ния­ларының бірі, әлемдегі 50 ірі мұнай компанияларының оздық үштігінде тұр. CNPC әлем бойынша 37 елде мұнай-газ саласындағы инвестициялық қыз­мет атқарып, 63 елдегі мұнай-газ нысандарында инженерлік-тех­никалық қызмет атқарады.

Корпорация мұнай және газ ошақтарын барлап, оны өндіреді, мұнайды қайта өңдеп, мұнай химия өнімдерін жасайды, мұ­най, газ өнімдерін сатып, оны құбырларға дейін тасымалдайды, ұңғымалар қазып, мұнай-газ кен орындарына, мұнайды қайта өңдейтін және мұнай химия қызметін атқаратын зауыттарға инфрақұрылым тартады, мұнай құрылғыларын жасап, жаңа энергия көздерін жасайды.

– Корпорация сан алуан түрлі қызмет атқарады екен. Осы­лардың арасында Қа­зақ­стан­да нені жүзеге асырасыздар?

– Қазақстанда CNPC кор­по­ра­ция­сының қатысуымен 7 мұнай өңдеу жобасы, 2 мұнай құбыры, 2 газ құбыры, 1 мұнайды қайта өңдеу зауыты мен темір құбырлар шығаратын 1 зауыт жұмыс істейді. Корпорация сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық ком­па­ния­сының стратегиялық іскер серіктесі бола отырып, «СНПС-Ақ­тө­бе­мұнайгаз», «Пет­ро­­Қа­зақстан Құмкөл Ресорсиз» және «ПетроҚазақстан Ойл Продакст» (Шымкент МӨЗ), «Маң­ғыстаумұнайгаз», «Азия­лық газ құбыры», «Қазақстан-Қы­тай құбыры» сияқты бірқатар бірлескен жобаларға қатысады. Сондай-ақ CNPC корпорация­­­­­­сы North Caspian Operating Com­pa­ny консорциумының құ­ра­­мында Қашаған кен оша­ғын­дағы жұ­мыс­тарға атсалысып отыр.

Ширек ғасыр уақыт ішінде біздің корпорация Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамыту үшін 47 млрд доллардан астам инвес­тиция салды. CNPC компаниялары 360 млн тонна мұнай алып, бюджетке салық ретінде шамамен 50 млрд төлем жасаған.

Мұнай өндеу көлемі бойын­ша қытайлық компаниялар қа­зақстандық және аме­ри­ка­лық компаниялардан кейін үшін­ші орын алып отыр. Солай бола тұра, CNPC қатысатын кә­сіп­орын­­дар қазған мұнайдың 60% қайта өңдеу үшін жергілікті на­рыққа тасымалданып, Қазақ­­стан­ның ішкі бағасы бойынша сатылады. Осылайша, тұты­ну­шы­ларға тұрақты түрде сапалы отандық жанар-жағармай жет­кі­зе отырып, СNPC Қазақстан эко­номикасының дамуына үлес қосып отыр.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті Нұрсұлтан Назар­баев СNPC корпорация­сы мұнай мен газ өндіру, оны тасымалдауда және қайта өң­деуде Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі деген­ді үнемі еске сала отырып, біздің ком­панияның жұмысына көңілі то­латынын да айтқан.

«Қазақстан Президентінің жа­нында Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Мұнда қы­тай­лық СNPC компаниясының ма­ңызы зор. Ол – Қазақстанның мұнай-газ нарығын дамытудағы маңызды серіктесі», деді Нұрсұлтан Назарбаев­ 2018 жыл­дың қыр­күйегінде елордада өткен Қазақстан-Қытай бизнес-фо­румының ашылуында.

– Әлем бойынша қытай ком­паниялары тәртіпке бағы­натын, сол елдің заңын, әсіресе, қор­шаған ортаны қорғау сала­сындағы заңдарын берік ұста­натын компания ретінде та­ныл­ған. Қазақстандағы экологияны қорғау бойынша CNPC нақты қандай шараларды ат­қа­­рады?

– СNPC компаниясы «жасыл экономика» тұжырымдамасын кезең-кезеңімен іске асырып отыр және қоршаған ортаны қорғау – біздің компанияның қызметіндегі басым бағыттардың бірі. СNPC Қазақстанның эко­ло­гиялық заңнамалары мен қоршаған ортаны қорғау сала­сындағы халықаралық келісім­дер­дің талаптарын қатаң ұста­на­ды, экологиялық таза өндірісті тез дамытып, бұл процестерге ай­тарлықтай мол қаржы құяды. Біздің компаниямыздың ұраны – «Энергия мен табиғаттың үйле­сі­мі».

СNPC корпорациясы келмей тұрып, Ақтөбе облысында мұнай және газ ескі зауытта өңделетін, сондықтан көп мөлшердегі газ зауыттың мұржаларынан шы­ғып, қоршаған ортаға айтар­лық­тай зиян тигізетін. Бұл жағ­дайды түзету үшін, СNPC ай­мақта үш заманауи мұнай-газ өңдеу зауытын салды, сол ар­қы­лы ілеспе газды қайта өңдеу коэффициентін 27%-дан 90%-ға жеткізіп, қор­ша­ған ортаға шы­ғатын зиянды қалдықтарды барынша азайтты. Бұл іске құ­йыл­ған инвестиция көлемі 2 млрд долларды құрады.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы өз нысандарында жиналып қалған мұнай қалдықтарын үздіксіз жойып, аймақты тазартып отырады. Сонау Кеңес одағы кезеңінен бері ластанған бұл жердің аумағы – 47 гектар. Соңғы жылдар ішінде 10 полигон мен 6,5 гектар жер тазаланды; миллион тоннадан астам қалдық жойылды. Бұрыннан жиналған және қайта шыққан зиян­­ды қал­дық­тарды қайта өңдеп, пай­даға жарату үшін бөлінген қаражат кө­лемі 2016 жылғы 881 млн тең­ге­ден 2021 жылы 7,3 млрд тең­геге дейін жеткен.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту үшін СNPC мен «ҚазМұнайГаз» компаниялары 1 млрд 800 млн доллар қаражат бөлген. 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа өндірісті өзі іске қосып, өндіріске жүктелген міндеттердің орындалу сапасына жоғары баға берген болатын. Ең басты жетістік – эко­ло­гиялық қауіптердің азай­ғаны еді. Мәселен, бензин мен дизель отынындағы күкірттің үлесі 10 есе азайса, ақшыл мұнай өнім­де­рінің көлемі 57%-дан 82%-ға дейін ұлғайды. Өнім сапасын да жақсартуға мүмкіндік туды. Егер бұрын зауытта К2 санатты жанар-жағармай шы­ға­рыл­­­­ған болса, қазір К4 және К5 санатты (Еуро-4 және Еуро-5 санаттарының баламасы) бензин мен дизель отыны өндіріледі. Ал бұл дегеніміз қоршаған ор­та­ға шығатын зиянды газдың көлемі де әлдеқайда азайды деген сөз. Бұдан өзге, атмосфераға шығатын көміртек пен басқа да зиянды қалдықтардың үлесі 90%-ға дейін азайған. Мың тоннадан астам мұнай шламы қайта өңдеуге және қайта кәдеге жаратуға жөнелтілген. Қазір тәу­лігіне шамамен 15 мың тонна жанар-жағармай өндіріледі, со­ның ішінде 6 мың тоннадан астамы жоғары сападағы өнім екенін айта кеткен жөн.

– Мұнай компаниялары де­ге­німіз – қандай елде жұ­мыс істесе де, сол елдің бюд­жетіне қо­мақты қаражат са­латын ком­пания ғана емес, ірі меце­нат ретінде көзге түсе­тін кә­сіпорындар. Осы орай­да, қазақстандықтарға әлеу­­мет­тік қол­дау көрсетуде CNPC кор­по­ра­циясы қандай жұ­мыс­тар атқарды?

– CNPC Қазақстанда жолдар төсеп, саябақтар салады, үй­лер мен көшелерді қайта жөндеп, мәдени және тарихи ша­раларға қаржылай қолдау көрсетеді, студенттерге білім беру гранттарын бөліп, спортшы­лар мен өнер қайраткерлеріне көмектеседі, ауруханаларға жаңа көлік, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмек сатып алып береді, мектептерге компьютерлер мен оқулықтар сыйлайды. CNPC корпорациясының Қазақстандағы қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларға салған инвестиция көлемі 410 млн доллардан асқан.

Біздің ең басты әлеуметтік жо­бамыз – Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы Қазақ ұлттық хореография академиясының құрылысы болды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін CNPC компаниялар тобы 95 млн доллар қаражат бөлген. Соның нәтижесінде Қа­зақстанның елордасында Ор­талық Азияда баламасы жоқ ірі өнер нысаны бой көтерді. Әлем бойынша бұндай оқу орын­да­рының саны оншақты ғана. Оқушылар ең білімді педагогтерден, бірінші сыныптан бас­тап, он бірінші сыныпқа дейін білім ала алады.

«Бұл хореография академия­сы бюджет ақшасынан тыс қаражатқа салынғаны үшін алғыс айтқым келеді. Ме­нің өтінішім бойынша, Қытай Ха­лық Республикасы, CNPC ұлт­тық мұнай компания­сы мен «Самұрық-Қазына» қоры қара­жат құйды. Ғимарат солар­дың ақ­ша­сына салынды, демеу­ші­лік танытып, еліміз үшін осындай әлеуметтік қолдау та­ныт­қандарыңыз үшін рахмет. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына бұл тамаша сыйлық болды. Сіз­дер­ді құттықтай отырып, тағы да алғыс айтқым келеді», деді 2016 жылдың тамызында академияның ашылу салтанатына қатысқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ Ақтөбеде тағы да CNPC қаражатына са­лынған Өнер орталығының ғи­маратына да зор бағасын бер­ген болатын. Нұрсұлтан На­зарбаев нысан ашыла сала, 2017 жылдың қазанында барып, Өнер орталығын аралап көрді. Көпфункционалды кешен ресми және мерекелік шараларды өткізуге арналған, за­манауи дыбыс және сахна құ­рылғыларымен қамтылған. Сонымен қатар орталықта оркестр ойнайтын шұңқыры мен айналатын сахнасы бар концерт залы ашылды. Жобаны жүзеге асыру үшін CNPC 4,5 млн доллар бөлген. Былтыр COVID-19 пандемиясымен күрес үшін CNPC қатысатын әрбір кәсіпорын қо­мақты қаражат бөлген, ал кор­порацияның өзі қазақстандық серіктестерімен бірге «Халық» қайырымдылық қорына меди­ци­налық құрылғылар мен қорғаныс құралдарын алу үшін шамамен 10 млн доллар бөлген.

– Қазақстандағы CNPC ком­­­­панияларында неше адам жұ­­­мыс істейді?

– CNPC қатысы бар кәсіп­­­орын­дарда 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 98,3%-ы қазақстандықтар. Қазақстан мен Қытайдың ең үздік оқу орындарында қызметкерлер тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп, дамып отырады.

2021 жылдың 5 қарашасында IV Қытай халық импорт тауарлар көрмесінің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан-Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық кең Еу­ра­зия құрлығында бірлесе дамып, гүлденуге жол ашатынын, ал сауда-экономикалық қа­рым-қатынас екі елдің өзара іс-қимылына берік негіз бола отырып, болашақта да дами беретінін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қаты­нас­тардың орнағанына 30 жыл толады. Бүгін біздің жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серік­тес­ті­гіміз кемелденіп, жаңа кезеңге қадам басты деп нық сеніммен айта аламын. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай елі әрдайым Азиядағы ең басты және сенімді серіктесіміз болып қала береді»,  деді Президент.

Барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тағы да құт­тық­таймын. Жас мемле­кет­теріңіз гүлденіп, дами берсін, ал қазақ халқына бейбітшілік пен береке, зор денсаулық, молшылық пен жаңа жетістіктер тілеймін!

 Әңгімелескен

Дастан НҰРЛАНҰЛЫ