Өнер • 01 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік кезеңіндегі туындылар

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдас­тырылған «Апгрейд» қалалық суретшілер көрмесінде келушілер назарына ел тәуелсіздігі кезеңінде дүниеге келген үздік жұмыстар топтамасы ұсынылды.

Тәуелсіздік кезеңіндегі туындылар

Көрмеден орын алған жүзден астам шығармашылық жұмыстың арасында табиғи және қалалық пейзаждар, түрлі-түсті натюрморттар, графикалық портреттер, линогравюралар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, шағын мүсіндік пішіндер, коллаждар, акрил құю және флорис­тика техникасымен салынған суреттер болды.

1

Кескіндеу өнерін қастер­леушілердің Александр және Надежда Болюх, Қуат Асқаров, Хайниса Мұстафина, Игорь Сатаев, Елена Малецкая сияқты танымал суретшілердің картиналарына деген ықыласы зор болды. Сонымен бірге көрмеде Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушылары мен Шахтинск қаласының көр­кемсурет мектебінің педагог­тері ұсынған жұмыстар да көр­меге келушілердің үлкен қы­зы­ғушылығын тудырды. Бұл суретшілердің қатарында туынды­­лары тұңғыш рет көрмеге қо­йылған қылқалам шеберлері де болды.

2

 

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы