Бұған дейін Нейт Диаз твиттерде: «Ол алдымен Хамзатпен шықсын. Конорға оңай қарсылас керек қой. Бұл тамаша жекпе-жек болады. Алдымен ол жарақатынан кейін төбелесе ала ма, соны түсінсін», деп жазба қалдырған болатын.
Диаздың бұл сөзіне Макгрегор лезде жауап берді. «Онымен төбелесу мәселе емес», деді Конор.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық Дастин Порьеге қарсы шайқаста аяғын сындырып алғалы бері Конор Макгрегор сегіз бұрышты ұмытты. Ол әлі жарақатынан толық айыққан жоқ.