Тәуелсіздік • 06 Желтоқсан, 2021

Елбасы: «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл»

1208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы ерен еңбегін сөз етіп, Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінен қалған естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы: «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл»

«Адамзат тарихына ең қанды қырғын ретінде енген екінші дүниежүзілік со­ғыс­­тың құрамдас бөлігі – Ұлы Отан со­ғы­­сы­ның қаһарлы күндері, бала болсам да, әлі күнге көз алдымнан кет­пейді. Сәби кезімді еске алғанда әр үй­ден майданға аттанған ағаларым, ер-аза­ма­тының орнын жоқтатпай, «Бәрі де жеңіс үшін» деп, бел шешпей еңбек еткен аналарым мен жеңгелерім, қаршадай күні­нен өгізге жегілген соқамен жер жыр­тып, масақ теріп, еңбекпен көзін аш­қан қа­тар­ластарым еске түседі. Менің еңбек та­қырыбына жиі оралатынымның бір сы­ры да балалығын соғыс ұрлаған сол ауыр күндерден қалған естелікте болса керек. Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» дейтінім сондықтан», деп жазады Елбасы өзінің мақаласында.

Иә, тәуелсіздік сөзінің мағынасы терең. Бүгінгі күні дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну кешегі соғыс пен бабаларымыздың төгілген қанының жемісі. Шынымен де, барлығы халықтың күш-жігерінен, бірлескен еңбегінен басталады.

«Соғыстан соңғы кезеңдегі тың игеру, металл қорыту, болат балқыту – халық ша­руашылығын қалпына келтірудің дәл ортасында жүрдік. Социализмнің артық­шылығын да, кемшілігін де көрдік. Бір сөзбен айтқанда, Кеңес Одағы құра­мын­да болған жетпіс жылдықтың нәти­же­сі біздің елдің пайдасына шешілген жоқ», деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.