Оқиға • 07 Желтоқсан, 2021

Алматыда тағы бір әйел 5-ші қабаттан секіріп кетті

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тағы бір әйел көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы бір әйел 5-ші қабаттан секіріп кетті

Қайғылы оқиға Жетісу ықшам ауданында болды.

Алматы қаласы полиция департаментінде мәлімдегендей, 1995 жылы туған Т. есімді азаматша өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Әйел көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен секірген. Әйел тірі, қазір ол ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қайғылы оқиға болмас бұрын, әйелдің улану үшін дәрі-дәрмектер ішкені анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін.

«Оқиғаның толық деректері анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деді полиция департаменті.

Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы тұрақты ауыр екенін мәлімдеді.