Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында тәуелсіздік жолындағы қиын қыстау кезеңдерді айрықша тебіреніспен баяндап, ой толғаған. Елбасы мақаласы егемендігіміздің өткен тарихына қайта үңіліп шығуға және оның әрбір жылындағы жалынды істерді саралауға жетелейді.

Шындығында, Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елі барымен қайта табысып, тілін тірілтті, дінін қайтарып, тарихын түгендеді. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, Тәуелсіздікті жариялау бір басқа болса, оны ұстап тұру, мығым ету одан да күрделі, бұрынғыдан да қиын мәселе болғаны анық. Елбасы өз мақаласында айтқандай «Тәуелсіздігімізді жариялағанда біздің өз валютамыз да жоқ еді. Әлемдік қаржы нарығын мұқият зерттей келіп, ұлттық теңгемізді де дер кезінде айналымға енгіздік». Расында, Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстанға тиген басты мұра жүйелі дағдарыс болды. Біздің еншімізге бәсекеге қабілетсіз экономика, басқарудың ескілікті жүйесі және қол-аяғы құрсаулы мемлекеттік аппарат тиді. Бұл біз бастан өткерген алғашқы ең ауыр да созылмалы дағдарыс болды. Сол кезде біз, қиыншылықтарға төтеп беріп қана қоймай, сонымен бірге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар, бетбұрыстық сипаттағы реформалар жүргіздік. Біздің мемлекет Тәуелсіздіктің 30 жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосқан ел атанды. Біз, бұл жетістігімізге ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі арқасында қол жеткіздік.
Шын мәнінде, тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, аса маңызды тарихи шешімдер қабылданды. Олардың бірі еліміздің атом қаруынан өз еркімен бас тартуы болды. Бұл әлем тарихындағы маңызды шешімдердің бірі еді. Осылайша біздің ел бейбітшілік ордасына айналды.
Елбасымыз Тәуелсіздік жолында аянбай тер төгіп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, елімізді одан әрі өркендету жолында ел бірлігі мен келешегі үшін қызмет етуде. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң, біз өз шекарамызды нық шегендеп, алпауыт елдермен қарым-қатынасты бастадық.
Елбасы өз мақаласында осы қиын кезеңдерде қабылданған шешімдер мен бастамаларға ерекше тоқталған. Сондай бастамалардың бірі «Болашақ» бағдарламасы болды. Жаһандық аренада бәсекегеге қабілетті, кәсіпқой мамандарды даярлау мақсатында «Болашақпен» оқытқан студенттеріміз қазіргі кезде еліне аянбай қызмет етіп, өз білімдерін халықаралық дәрежеде көрсетуде.
Қайсар халқымыз бен кемеңгер Елбасымыздың арқасында аз уақытта терезесі әлемнің алпауыт елдерімен тең мемлекетке айналдық.
Қазіргі заман білімділердің заманы. Келешек ұрпақ ата-бабалары білектің күшімен сақтап қалған жерін қаламның ұшымен, өткір білімімен көркейтуі қажет.
Сонымен қатар өз мақаласында Елбасы, «Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек», деді.
Расында қазіргі ашық аспан мен тәуелсіз өмір оңай жолмен келген жоқ. Енді, осы Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында аянбай еңбек етіп, өскелең ұрпаққа үлгі болу біздің міндет. Елбасымыздың мақаласы, халқымызға өнеге, келешек ұрпаққа тарих болары сөзсіз.
Мемлекетіміздің мызғымастығы мен, Тәуелсіздігіміздің тұғырын өз қалпында ұстап, көк туымыздың желбіреуіне атсалысып, басқа қонған бақты бағалай білу әр азаматтың міндеті.
Елбасымыздың кемел саясаты қашан да жалғасын тауып, халқымызды жарқын болашаққа жетелейтіні сөзсіз. Егемен елдің еңсесі биік, азат елдің аспаны ашық болсын!
Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,
Сенат депутаты,
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы
Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:27
Қазақстан елшісіне Жапония Императорының «Күншығыс» ордені табысталды
Қазақстан • Бүгін, 18:02
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:47
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Бүгін, 17:37
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Бүгін, 16:58
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:47
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Бүгін, 16:35
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:27
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Кабулдағы теракт кезінде 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:01
Экономика • Бүгін, 15:50
Жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс қайта тірілуі мүмкін
Ғылым • Бүгін, 15:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады
Президент • Бүгін, 15:05
Президент Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 14:59
Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі артты
Қазақстан • Бүгін, 14:47
Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:30
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Қайсар Алпысбай Ислам ойындарында алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 13:21
Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады
Елорда • Бүгін, 13:01
Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды
Елорда • Бүгін, 12:50
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 12:20
Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 12:08
Камералар анықтайды: Елордада жерге түкіргендер жазаланады
Елорда • Бүгін, 11:53
Бүгінгі доллар бағамы белгіленді
Қаржы • Бүгін, 11:39
Мемлекеттік басқару академиясы оқу гранттары иегерлерінің тізімін жариялады
Білім • Бүгін, 11:22
Кеңсе тауарларының бағасы шарықтап барады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Елордадағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды
Елорда • Бүгін, 10:53
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Ұқсас жаңалықтар