2021 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша әуе жолаушылары тасымалының бағасы соңғы бір жылда 8,7 пайызға қымбаттап кеткен. Finprom-ның жазуынша, қымбатшылық әсіресе Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қатты сезілген.

Түркістан облысында ұшақ билеттерінің құны соңғы бір жыл көлемінде 30 пайызға қымбаттаса, Қызылорда облысында 22,9, ал Маңғыстау облысында 19,4 пайызға өскен. Елдегі 17 өңірдің ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана баға былтырғы қазан айындағы көрсеткішімен қалған. Сонымен қатар Павлодар (12,7 пайыз), Батыс Қазақстан (15,3 пайыз) және Ақмола облыстарында (22,5 пайыз) да баға төмендеуі байқалады.
Бұл ретте қаңтар-қыркүйек аралығында әуе компанияларының табысы 265,7 млрд теңгеге жетіп, былтырғы көрсеткіштен екі есе асып түскен. Табыстың негізгі бөлігі – 252,6 млрд теңге жолаушылар тасымалынан түссе, қалған 13,1 млрд теңге жүк тасымалдарын тасу нәтижесінде түскен. Салыстыра айтар болсақ, 2020 жылдың үш тоқсанында әуе компанияларының табысы 135,8 млрд теңгені құраған. Бұл 2019 жылдың үш тоқсанындағы табыстан екі есе аз. Әрине бұған COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған түрлі шектеу шаралары, шекаралардың жабылуы әсер еткені сөзсіз. Әуе компанияларының табысы шарықтай өскен уақыт ретінде Finprom 2016 және 2019 жылдарды айрықша бөліп атайды.
«2021 жылдың тоғыз айында әуе компаниялары 6,9 млн адамды тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 81,5 пайызға жоғары көрсеткіш. «Коронадағдарысқа» дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда биыл жолаушылар тасымалы 8,1 пайызға өсті. Еске салайық, 2020 жылдың тоғыз айында жолаушылар тасымалы 40,4 пайызға құлдырап, небәрі 3,8 млн адамды құраған еді», деп жазады портал.
Биыл қаңтар-қыркүйек арасында әуе компаниялары 25 мың тонна жүк пен багаж тасымалдаған. Бұл да былтырғы деректен 61,8 пайызға көп. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2020 жылы әуе компанияларының шығыны 350 млрд теңге болған. Қазір ішкі рейстердің барлығы дерлік толықтай қалпына келді, сондықтан жолаушылар тасымалы да күн санап өсіп жатыр.
«Қазір «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жасалып жатыр. Ол бойынша бес әуежай (Қостанай, Орал, Қызылорда, Шымкент, Алматы) модернизациядан өтеді. Сондай-ақ 8 аэродромдағы әуе линиясы инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланған», деп жазады Finprom.
2020 жылдың қорытындысы бойынша ішкі әуе тасымалы бойынша Air Astana көш бастаған. Оларға ішкі әуе тасымалының 70 пайызы тиесілі. Соның ішінде 31 пайызы FlyArystan-ның еншісінде. Екінші және үшінші орындарды 24 және 4 пайызбен SCAT Airlines пен Qazaq Air бөліседі. Сонымен қатар «Южное небо» 2 пайыздық көрсеткішке ие. Халықаралық әуе тасымалы бойынша да Air Astana-ның бәсі жоғары – 46 пайыз. SCAT Airlines 16 пайызды алса, «Аэрофлот» 9 пайыз деңгейінде жолаушыларды шекара асырады. Үздік бестік қатарына Turkish Airlines (7 пайыз) және Flydubai (5 пайыз) компаниялары да кіреді.
2020 жылы Air Astana-ның табысы 400,3 млн долларға жеткен. Әуе компаниясының құрамында орташа жасы 5,1 жылды құрайтын 34 әуе кемесі бар.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар