Флойд Мейзвезер өткен аптаның аяғында 2013 жылы Альваресті қалай жеңгенін жанкүйерлердің есіне салып, «мен рингте жеңіл-желпі серуендеп жүріп, оған бокстан сабақ бергенмін» деген сыңайда үн қатып, мексикалық боксшының табысты мансабын рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек қолдануымен де байланыстырған болатын. Бұл сөз «Канелоның» ашуын келтірсе керек.
«Флойдтың «Канелоға» тіл тигізуінің себебі түсінікті. 31 жастағы «Канело» қазірдің өзінде оның бүкіл кәсіби мансабында қол жеткізген табысынан асып түсті. «Канело» кәсіби мансабын аяқтаған кезде одан қаншалықты алда тұратынын Флойд сезеді», делінген Сауль Альварестің хабарламасында.