Экономика • 09 Желтоқсан, 2021

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер анықталды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер анықталды

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 97,5, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,4, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 трлн теңгені құрады. Атқарылмау - 81 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 66 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Ішкi iстер министрліктерінде қалыптасты», деді министр.

Министрдің мәліметінше, нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттілігі - бюджет қаражаты игерілмеуінің негізгі себептері болып отыр.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 трлн теңгені құрады. 327 млрд теңгеге атқарылмаған. Осы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 2 трлн 157 млрд теңге бөлінген. Оның 94,2 пайызы игерілді. Атқарылмағаны – 124 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 млрд теңге. Игерілмеген ең үлкен сома Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында қалыптасты», деді Ерұлан Жамаубаев.