Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты танымдық мақаласы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тойына тарту десек болады.

Егемендіктің елең-алаңынан бүгінге дейінгі айтулы оқиғалар жай факті ғана емес, оның арғы жағында Ұлт көшбасшысына халық сенімін ақтауға жүктелген зор жауапкершілік, аянбай жұмсалған күш-жігер, жүрек тебірентерлік тарихи сәттер жатыр. Сондықтан біз мұны отыз жылдық торқалы той қарсаңында Тұңғыш Президенттің туған халқымен ой бөлісуі, Тәуелсіздік тағылымы деп қабылдадық.
Мақалада қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған қазақ халқының қилы тағдыры, күресі мен жасампаздығы ерекше баяндалады. Әсіресе, ашаршылықтың екі бірдей толқыны – 1921-1922 мен 1930-1933 жылдардағы сұрқия саясат салдарынан орнаған зұлмат кезінде ұлттың тең жартысы қырылғаны, одан кейін есін енді жия бастағанда сталиндік қанды репрессия сүт бетіне шығар қаймақтарымызды жалмап кетуі жүрекке қанша салмақ түсірсе де, Тәуелсіздік жолындағы құрбандықтың мәні мен мәртебесін айқындайды.
«Мен бұл оқиғалардың бәрін көзіммен көрмесем де, әкем мен анамның өзегін мұң мен зар өртеп, жанарын жасқа шылап отырып айтқан сөздерінен, азаттық жолында шейіт болған аруақтарға арнап, күбірлеп оқыған дұғаларынан естіп-біліп, көкірегіме түйіп өстім», дейді Елбасы. Содан кейін Екінші дүниежүзілік соғысты еске түсіре келіп, қаршадай күнінен өгізге жегілген соқамен жер жыртып, масақ теріп, еңбекпен көзін ашқан қатарластарын жадында жаңғыртады. Біз бұдан сұм соғыста ұрланған талайлардың балалық шағын ғана емес, адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін аңғара түсеміз.
Тұңғыш Президент кешегі Кеңес Одағы құрамындағы жетпіс жылдықтың да нәтижесі еліміздің пайдасына шешілмегенін айта келіп, ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің сөзінен мысал келтіреді. Мұның бәрі азат елдің жастарына тәуелсіздікке барар жолдың қандай азапты болғанын және өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алудың қажет екенін ұғындырады. Елбасының «Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық» дейтіні сондықтан болса керек.
Қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Себебі осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктер Қазақстанның болашағын жаңаша межелеуге мүмкіндік беріп отыр. Келесі кезеңде, яғни 2030 жылға дейін экономикалық саясат негізіне инновациялық экономика алынады. Осылайша, халқымыздың өмір сүру сапасы орташа еуропалық деңгейге сәйкес болмақ.
«Тәуелсіздік тағылымы» ел үшін, әсіресе, жаңа буын үшін парасат пен еңбектің, тәуекел мен жасампаздықтың, талғам мен талдаудың маңызын жан-жақты байыптатады. Өткен жол – тағылым, жаңа жол – үміт. Елдің береке-бірлігі артса, екеуінің де қадірі еселенеді. Ертеңін ойлаған ел озады!
Ерлан СЫДЫҚОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағаcы-ректоры,
ҰҒА академигі
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар