Ақсақалымыз еркіндік, тәуелсіздік, егемендіктің түгел түркі жұрты үшін аса маңызды ұғым екенін баса айтып, тарихта тағы бір рет жазба қалдырды.
Өмірін халқы, түркі әлемі мен бар адамзаттың бейбітшілігіне, өсіп-өнуіне арнаған ақсақалымыздың келешекке көз тастай отыра кеңес беріп, насихат айтуы және жақсы жоспар ұсынып, бағыт көрсетуі біздерге тарихымыздағы ұлы көшбасшы, мәртебелі Білге қағанды еске салды.
Білге қағанның өсиетін оқып, ақсақалымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласымен салыстырғанда бірдей рух, сол сенім мен ақыл, дәл сондай пейіл байқаймыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ бауырларымыз бен түркі әлемін қоса алғанда түгел адамзат үшін еңбек етуді ойлауы көктен берілген қасиет деп ойлаймын.
Қандай керемет рух, қандай жақсы жол басталған.
Мұндай жол жүріп өтпей, сезбей осындай сөз айтыла ма? Өзі сенбей тұра осындай затты айтуға бола ма?
Ақсақалымыз шынымен өзі көргенін халқымен бөлісті. Ол шекаралардан шыға алатын күшке ие.
Ол еңбегі, ұлт пен мемлекеттің адамы болуы туралы айтып, бүгін үшін де, келешек үшін де даңғыл жол салды.
Білімі, тәжірибесі, күресі, пайымы, жүрегі мен бар болмысын халқына, адамзатқа арнаған бұл үлкен көшбасшының бізбен бөліскен алтын сөздері үшін қаламы мен жүрегіне саулық тілей отыра, денсаулық, береке тілеп, құрметімізді жеткіземіз.
Бүгін бейбітшілік, еркіндік күні Түркістанның жүрегі саналатын атажұртымыз Қазақстанда туып отыр.
Қысқа уақытта өз жерінде еркін рухпен тік тұрған, өз территориясы сияқты масштабтарға ие болған Қазақстан өз биік мақсаттарына сенімді қадам жасап, жетіп жатыр.
Түркі әлемінің бөлігі болған біздер әлемге мәдениетті алып келген ата-бабаларымыздай білім, сенім, сүйіспеншілікпен дамыған Қазақстандай бауырға ие болғанымызға қуаныштымыз, қазақ бауырларымызбен мақтанамыз.
Осы тұста еңбегі зор ақсақалымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түгел түркі жұртының мақтанышы және ол салған сара жолдағылар оны құрмет тұтады.
Рухы сонау тамырлы тарихымыздан бастау алған ақсақалымыз – Назарбаев туралы Білге қағанның «Ей, Түрік! Жоғарыда аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетіңді, әдетіңді кім жоя алады?!» деген сөздерінің заманауи тілде қайта жеткізген көшбасшы дей аламыз.
Түгел түркі әлемі үшін оның сөздері нұрлы сәуледей көрінеді.
Халқы және түркі жұртымен бірге бейбітшілікті биік қойған адамдар оның бұл күнге дейін жасаған бірқатар қайырлы және маңызды істерінің рахатын көрді және әлі де көре береді деп үміттенемін.
Халқыңыз жасай берсін!
Ялчын ТОПЧУ,
Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі