Оқиға • 17 Желтоқсан, 2021

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған тұрғын алаяққа алданды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатпақ болып алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған тұрғын алаяққа алданды

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 21 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.

Оның айтуынша, Дулатов көшесінің бойында өзін әңгімеге тартқан бейтаныс жігіт жүргізуші куәлігін жасап бере алатынын айтып, 100 мың теңге сұраған.

Бұған сенген азамат алаяққа сұраған ақшасын бере салған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері көп ұзамай күдіктіні ұстады. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Кінәсін мойындаған ер адам ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.