«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бокс кеші өз мәресіне жетті. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым зор. Ендігі басты мақсат – жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қалған чемпиондық белдіктерді жинау», деп жазды отандасымыз әлеуметтік желіде.
Елорда төрінде өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалды ұпай санымен жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.