Кәсіпқой бокс • 20 Желтоқсан, 2021

Бек соңғы жеті кездесудің бесеуінде жеңілген боксшымен шығады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет 24 желтоқсан күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бүгін қазақ оғланының шаршы алаңда кіммен кездесетіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бек соңғы жеті кездесудің бесеуінде жеңілген боксшымен шығады

Отандасымыз колумбиялық Хосе Мигель Торреске қарсы шаршы алаңға шығады. Бектің қарсыласы 42 жастағы кәсіпқой бокс әлемінің ардагері екені мәлім. Ол соңғы жеті жекпе-жегінің бесеуінде қарсыластарына есе жіберген. Бір сөзбен айтқанда қазақ оғланына айтарлықтай қарсылас бола алмайды. Бектің командасы Мәскеудегі бокс кешіне неге мұндай қарсылас таңдағаны белгісіз.