Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021

WBO Андраде мен Әлімханұлы жекпе-жегіне қатысты шұғыл шешім қабылдады

1622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андраде мен оның міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлының межелі мерзімде жекпе-жек мәселесін шеше алмауына байланысты кездесуді промоутерлік сатылымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

WBO Андраде мен Әлімханұлы жекпе-жегіне қатысты шұғыл шешім қабылдады

Ұйым екі боксшының командасына келісімге келуіне 20 күн уақыт берген болатын. Алайда Деметриус Андраденің командасы келісімшарт жасасуға ишара танытқан жоқ. Енді промоутерлік сатылым 15 қаңтар күні өткізілмек. Деректерге сенсек, минималды ставка – 200 мың АҚШ доллары.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионы мен оның міндетті қарсыласы шаршы алаңда кездескен жағдайда табыстың 75 пайызы чемпионға тиесілі болса, қалған 25 пайызын үміткер алады.

Айтпақшы, Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келмейтін Деметриус Андраде райынан қайтпаса, 15 қаңтарға дейін өзіне тиесілі белдікті босатып кетуі де мүмкін. Олай болған жағдайда қазақ оғланы бос тұрған белбеуді басқа үміткермен шайқаста сарапқа салатын болады.