Әкім бұл жылғы есебін пандемия салдарынан табыс көзінен айрылған тұрғындарды әлеуметтік көмекпен қамту ісі барысында жүргізілген шаралардан бастады.
Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын адами капиталды бірлесе көтеруге шақырды. Әлеуметтік жағдайды түзеу мақсатында жүргізілетін әкімдік жоспарларымен бөлісті.
«Шымкентте былтығы жылы мектеп оқушыларының саны бір жылда 20 889 бала көбейген. Білім саласындағы инфрақұрылымды шешу үшін өткен жылы 5 жылға жоспар жасадық. 25 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады. Оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынса, 40 мектеп жеке инвесторлар салады», деді қала әкімі.
Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды. Мұрат Әйтенов онлайн есебі аясында тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.