Әдебиет • 22 Желтоқсан, 2021

«Ауылым – алтын тұғырым» байқауы мәресіне жетті

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы мен «Мәдениет порталы» бірлесе ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым» онлайн әдеби додасы мәресіне жетіп, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауылым – алтын тұғырым» байқауы мәресіне жетті

Поэзия, проза, драма жанрлары бойынша шығармалар қабылданған байқауға биыл 100-ден аса қаламгер қатысқан. Соңғы жылдары додаға Әзербайжан және Ресей елдерінің қаламгерлері де қатысуға ниет білдірген. Сондай-ақ биыл әдеби байқау жеңімпазына ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қосымша сыйлық та тағайындалған болатын.  

Доданың басты жүлдесі «Алтын тұғыр» белгісі өз жанрында топ жарғандардың ішінен анықталды. Аталмыш жүлде «Проза» аталымында «Соңғы намаз» туындысымен топ жарған жазушы Есболат Айдабосынға бұйырды. Әдеби байқауда жеңімпаз-жүлдегер атанғандардың тізімі төмендегідей.

 «Драма» номинациясы:

1 орын – Ықылас Шалғынбай.

2 орын – Әскерхан Хуанбай.

3 орын – Ақылбек Шаяхмет.

Қалихан Ысқақ атындағы арнайы жүлде иегері – Нұрлан Сәдір.

«Проза» номинациясы:

1 орын – Есболат Айдабосын.

2 орын – Айзат Рақышева.

3 орын – Жантас Еркін.

Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы сыйлық иегері – Қанат Әбілқайыр.

«Поэзия» номинациясы:

1 орын – Арқалық Әмәлият.

2 орын – Ұмтыл Зарыққан.

3 орын – Жарқын Жұпархан.

Қасым Аманжолов атындағы арнайы жүлде иегері – Жұматай Көксубай.

 «Үздік балалар шығармасы» аталымы «Бесарықтағы кішкентай блогер» шығармасы үшін Аслан Тілегеовке бұйырды.