«Маската» ойыншысы Мухалад Аль Рукади матчтың басталуына бірнеше минут қалғанда кенеттен есінен танып қалған. Дәрігерлер оның инфаркт алғаны жайлы хабарлады. Спортшы небәрі 29 жаста еді.
Жасыл алаңда орын алған қайғылы оқиғаға қарамастан, матчтар кейінге шегерілмей өткізілді. Спортшылар жарысты бір минут үнсіздіктен бастады.
Ал жанкүйерлер адамгершілік қасиет танытпаған футбол билігінің отставкаға кетуін талап ете бастады.