Кәсіпқой бокс • 29 Желтоқсан, 2021

Логан Пол: Ақшамды бер, Мейвезер

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың маусым айында танымал блогер Логан Полға қарсы рингке көтерілген бес салмақтағы әлем чемпионы Флойд Мейвезердің қарсыласына тиісті табысын төлемегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Логан Пол: Ақшамды бер, Мейвезер

Арада жарты жыл өткеннен кейін бұл туралы блогер Логан Полдың өзі мәлімдеме жасап, даңқты боксшыдан өзіне тиесілі қаржыны талап етті.  

«Маған тиесілі қаражатты жедел қайтар, Флойд!» деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында. Жалпы сегіз раундқа жоспарланған шайқаста жеңімпаз анықталмаған еді. Өйткені келісім бойынша екеуінің бірі нокаутпен жеңіске жетуге тиіс болған.  

Деректерге сенсек, Логан Пол аталмыш жекпе-жектен 20 миллион доллар көлемінде табыс тапқан екен. Алайда Мейвезер әлі күнге дейін оның есеп шотына қаражат аудармаған.