Президент • 03 Қаңтар, 2022

Президент Жаңаөзендегі жағдайды тез арада шешуді тапсырды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды толық қадалағалауда ұстауды тапсырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Жаңаөзендегі жағдайды тез арада шешуді тапсырды

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», делінген Президент жазбасында.

Сондай-ақ Президент: «Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» деп атап өтті.