Президент • 10 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы: Әлемдік қоғамдастық сотына қосымша дәлелдер ұсынамыз

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік қоғамдастық сотына содырлардың басқыншылығына қатысты қосымша дәлелдер ұсынамыз. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Әлемдік қоғамдастық сотына қосымша дәлелдер ұсынамыз

«Таяу уақытта, алдын ала тергеулер аяқталғаннан кейін әлемдік қоғамдастық сотына елімізге қарсы террорлық басқыншылықты дайындау және өткізуге қатысты қосымша дәлелдер ұсынатын боламыз», деді Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында.

ҚР Президенті жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары жалған ақпарат таратып жатқандығын баса айтып өтті.

«Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық институттар ойдан шығарылған және тексерілмеген фактілерге негізделген жалған ақпараттарды таратуын жалғастырып жатыр. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨІСШК-ні қоса алғанда халықаралық ұйымдар, сонымен қатар халықаралық гуманитарлық ұйымдар лаңкестердің іс-әрекеттерін толықтай және әділ тергелуіне мүдделі екендігіне сенімдімін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.