Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Аңшылық дүкенін тонағандар қолға түсті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының полицейлері Алматы қаласындағы аңшылық дүкенін тонағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аңшылық дүкенін тонағандар қолға түсті

Қордай ауданы аумағындағы «Алматы-Ташкент» күре жолы бойында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген «Subaru Forester» көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік ішінен 12-ші калибрлі қарудың 10 данасы, 1 пневматикалық тапанша және аңшылыққа арналған құралдар шыққан.

Автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушысы Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкенін тонағаны белгілі болды. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.