Ведомствода хабарлағандай, мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары арқылы жүктемені өтей отырып, тау-кен металлургия кешенінің жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін түсімдерді арттыру тетіктері әзірленуде.
Жалпы, кеден саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Капиталды елден негізсіз шығару бөлігінде заңнамаға келесі түзетулер пысықталуда:
1) дивидендтерге, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместерге төленетін жеңілдіктерге салық салу кезінде жеңілдіктерді қайта қарау;
2) үлестес шетелдіктерден алынған «материалдық емес» қызметтер бойынша шегерімге шектеулер енгізу;
3) бақыланатын шетелдік компания шеңберінде жеңілдіктерге шектеулер енгізу.
Сондай-ақ, трансферттік баға белгілеу бойынша түзетулер жобасы әзірленді. Бұл қазақстандық экспортқа әділ бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың ақпан айында жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелері бойынша заң жобасы енгізіледі, қаржы министрлігі бір көзден сатып алуды қолданудың негізділігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Осы жылдан бастап Қордың және барлық ұлттық компаниялардың сатып алулары «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңмен реттеледі. Сонымен қатар, қорды сатып алу тәртібінде Қордың ішкі құжаттарына сілтеме нормалар қарастырылған. Осыған байланысты, Қордың және оның еншілес компанияларының сатып алуын жүзеге асырудың бүкіл процесі өзге ішкі құжаттарға жіберілуді болдырмай, бір құжат деңгейінде қайта қаралатын болады.