Президент • 12 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ертең ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару жұмысы басталады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда жедел штабтың отырысын өткізген Мемлекет басшысы алда ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентінің бөлімшелерін қайтару жұмысы басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ертең ҰҚШҰ бітімгерлерін елден шығару жұмысы басталады

«Ертең ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталады. Мен тиісті мемлекеттердің басшыларымен сөйлестім. Осы сәтті пайдаланып, осы бірнеше күнде жүргізген ауқымды жұмысы үшін контингенттің басшылығына алғыс айтамын. ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің Қазақстанға, соның ішінде Алматыға келгені жалпы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарды. Бұл әрекеттердің лаңкестер мен содырлардың агрессиясын қайтаруда үлкен психологиялық маңызы болғаны сөзсіз. Миссия өте сәтті өтті. Менің әріптестеріме - Ұйымға мүше елдердің басшыларына үлкен алғыс білдіремін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша Үкіметтік комиссия мен жергілікті әкімдіктер бірлесіп, қысқа мерзім ішінде барлық аймақтағы нысандарды қалпына келтіруге, үздіксіз транспорт жұмысын қамтамасыз етуге, азық-түлікпен қамтамазы етуге, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын жандандыруға күш салу тапсырылды.