Теннис • 13 Қаңтар, 2022

Данилина Сидней турнирінің ширек финалына шықты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данилина Сидней турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жарыстың үшінші ракеткаларын жеңіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 5 минутқа созылған бәсекеде канадалық Габриэла Дабровски – мексикалық Джулиана Олмосты 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Анна мен Беатрис жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен таласады.

Ерлер арасындағы осы жарыста Андрей Голубев пен хорватиялық Франко Скугор корт иелері, аустралиялықтар Мэтт Рид – Алексей Попыринге 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге бүгін жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Джон Пирс – словакиялық Филип Полашекпен шеберлік байқасады.