Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Алматыдағы тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар тағы сегіз адам ұсталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік актілерге қатысы бар адамдарды іздеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар тағы сегіз адам ұсталды

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара қызметі ҰҚК аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасап, ІІМ «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, Алматы облысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Ведомствода нақтылағандай, нәтижесінде Талдықорған полиция департаментіне шабуыл жасады деген күдікпен сегіз адам және Алматыдағы тәртіпсіздіктер мен тонауларға қатысы бар сегіз адам ұсталды.

Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Сондай-ақ ведомство 11 қаңтарда Түркістан облысындағы «Шымкент» авиациялық өткізу пунктінде Түркістан – Стамбул бағытындағы КС-7425 рейсін рәсімдеу кезінде Қызылордадағы митингтерге қатысқан және әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға шақыру туралы ақпаратты таратқан Қазақстан азаматы анықталғанын хабарлады.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының желілік полиция бөліміне жеткізілді.

10 қаңтарда Қостанай облысының «Обаған» (автомобиль) өткізу пунктінде сүзу іс-шаралары шеңберінде 1986 жылы туған П. есімді Тараз тұрғыны ұсталды. Тексеру іс-шаралары барысында ұсталған адамның ұялы телефонынан 5 қаңтарда құрылған күш құрылымдарының арнайы киім-кешегінен (қорғаныс дулығасы, түсіру кеудешесі, металл қалқан және резеңке таяқ) оның фотосуреті табылды.

Күдікті тергеу іс-шараларын жүргізу мақсатында Ұзынкөл АПБ-не жеткізілді.