Кәсіпқой бокс • 14 Қаңтар, 2022

WBO промоутерлік сауданы кейінге қалдырды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде мен оның міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты промоутерлік сауданы кейінге қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

WBO промоутерлік сауданы кейінге қалдырды

Деректерге сенсек, екі тарап та қосымша уақыт сұраған. Соған байланысты АҚШ уақытымен 14 қаңтарға жоспарланған сауда бір аптаға кейін шегерілген. Нәтижесінде Қазақстан уақытымен 22 қаңтарда өтетін болды.

Соңғы мәліметтерге зер салсақ, Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартып, екінші орта салмаққа өтуді ойластырып жатқан көрінеді. Сондықтан да оған уақытты созу тиімді болып тұр.