Қоғам • 16 Қаңтар, 2022

ІІМ сенім телефонына полиция қызметкерлеріне қатысты 17 шағым түскен

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ сенім телефондарына полиция қызметкерлерінің әрекетіне байланысты 17 шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ сенім телефонына полиция қызметкерлеріне қатысты 17 шағым түскен

Бұл туралы ІІМ-нің ресми сайты ақпарат таратты.

Сайт мәліметінше, өткен тәулікте сенім телефондарына 57 өтініш келіп түскен, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтама сипатында (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдар, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне байланысты.

«Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық өтініш бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді. Мысалы, 15 қаңтарда «Әділет жолы» РҚБ-нің өкілі Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О. есімді азамат туралы білуді сұраған өтініш келіп түсті. Өтінішті тексеру кезінде О. есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-нің 269-бабы 3-бөлігі («Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау») және 272-бабы 2-бөлігі («Жаппай тәртіпсіздік») бойынша соталды тергеу шеңберінде ұсталғаны анықталды.

9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тексеру нәтижелері бойынша О. есімді азаматтың орналасқан жері Пшеновқа хабарланды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00