Мақсат-міндеті үркердей топ үшін ұғынықты болғанымен, былайғы халыққа бағыты бұлыңғыр, жұмысы жүйесіз бір сала бар. Бұл – квазимемлекеттік сектор. Оның нақты немен айналысатынын әлі күнге білмейтіндер көп. Әңгіме осы жайлы.

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Бір апта бұрын Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектордың жұмысын қатаң сынға алды. Тіпті нақты құрылымдардың атын атап, түсін түстеп көрсетті де. Айталық, Президент квазимемлекеттік сектордағы ірі құрылым саналатын «Қазақстан даму банкін» мысалға келтірді.
«Қазақстан даму банкі қаржы-өнеркәсіптік және құрылыс топтарынан өкілдік ететін таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналды. Бәрінің аты-жөнін білеміз. Жоғары кабинеттерге кіре алатынын пайдаланып, олар өз жобаларын іске асыруда артықшылық алып отыр. Бұл жобаларға кеткен мемлекеттің қаражатын шағын және орта бизнеске жұмсауға болатын еді», деді Президент.
Осы ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырды. Айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері ашық емес әрі тиімсіз. Сондықтан бұл тәсілдерді түбегейлі қайта қарау керек және бұл түсінікті әрі ашық тетіктер болуы қажет.
Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің тиімділігіне де күмән келтірді. Бүгінде қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни аталған ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Дегенмен...
«Қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларды және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма? «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының пікірінше, Президенттің екі үлкен құрылымға қатысты сынын олардың жұмысына берілген саяси баға деп қабылдау керек.
– «Самұрық-Қазына» қорында қаражат көп. Бірақ оның қайда жұмсалып жатқаны белгісіз. Қарапайым халық түгілі, депутаттардың өзі бейхабар. Бұл қордың өз ішінде ғана мәлім. Біздің елдің негізгі ұлттық байлығының бәрі сонда шоғырланған. Сондықтан бақылауды күшейту керек. Тіпті Президент «Самұрық-Қазына» қажет пе?» деген мәселені төтесінен қойды. Бұл – қордың жұмысына берілген саяси баға. Өйткені халық шынымен наразы. Мемлекеттік бақылаудан тыс қалып қойған мұндай мәселелерді жедел шешкен абзал. Сол секілді Мемлекет басшысы Қазақстан даму банкі туралы да сын айтты. Банкті пайдаланып байып жатқан адамдардың нақты кімдер екені де белгілі. Өкінішке қарай, экономикамыздан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Президент нақты міндеттерді айтты, мәселені реттеудің жолын да нұсқады. Енді Үкімет іске кірісуі керек. Депутаттарға да үлкен жауапкершілік артылған. Осы орайда жұмыс бағытын мүлдем өзгерту керек. Бұрынғыдай жұмыс істеуге болмайды, – деді Б.Әбдіғалиұлы.
Қаржыгер Мұрат Темірханов «Самұрық-Қазынаны» реформаламайынша, елдегі бірде-бір реформа нәтиже бермейді деп есептейді.
– Президенттің Қазақстан даму банкін сынағаны өте орынды. «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан даму банкі мемлекеттік жеңілдетілген кредиттердің көбін жекелеген ірі компанияларға беріп отыр. Ал шын мәнінде мұндай компаниялар мемлекеттен субсидия алуға тиіс емес. Соның салдарынан «Бәйтеректің» шағын және орта бизнеске кредит беру үлесі өте төмен. «Самұрық-Қазынаны» да нақты реформалайтын уақыт әлдеқашан жетті. Бұған дейін билік қордың тиімді екенін, оның қызметі әлемдік үздік тәжірибеге сай екенін айтып келді. Шындығында, олай емес. «Самұрық-Қазынаны» дәл қазір реформаламайынша, елдегі бірде-бір реформа нәтиже бермейді, – дейді М.Темірханов.
Расында да, Қазақстан даму банкінің ел экономикасындағы орны ерекше. Банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, оның басты міндеті – елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету. Яғни бұл құрылым өңдеу, дайын өнім шығару, тамақ өнеркәсібін де қаржыландыруы тиіс. Ал бұлар ауыл шаруашылығы саласымен тікелей байланысты. Алайда осы күнге дейін банк қаржыландырған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар тым аз.
– Былтыр 20 жылдығын атап өткен банктің кейсінде ауыл шаруашылығына қатысты 20 жоба да шықпайды. Жылына бір ірі жобаны жүзеге асыруға болатын еді. Соған қарағанда, екінші деңгейлі банктер секілді Қазақстан даму банкі де тамақ өнеркәсібін, жалпы ауыл шаруашылығын қаржыландыруды қажет деп есептемейтін секілді. Бәлкім, олар бұған тұрақты, салмақты бизнес деп қарамайтын шығар. Шаруалардың бұл банкке жоламауының тағы бір себебі бар. Ол – шаруаларға қоятын талаптарының тым жоғарылығы. Білуімше, банкке ұсынылатын жоба құны 3 млрд теңгеден төмен болмауы керек. Оның кемінде 20 пайызын кәсіпкер өз үлесінен қосуы тиіс және соған сәйкес кепілзаты болуы шарт. Пайыздық мөлшерлемесі 6-7 пайыздан кем емес. Мұның тиімсіз екенін көрген кәсіпкерлер теріс айналып жүре береді, әрине. Сондықтан Қазақстан даму банкі ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларға басымдық беріп, талаптарын қайта қарастырғаны жөн, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Аспан.
«Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» секілді ірі құрылымдардың негізгі міндеті елдің байлығын еселеу еді. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың пікірінше, бұл міндет ойдағыдай орындалған жоқ.
– Ел ішіндегі қорландыру көзінің тапшылығына қарамастан, ұлттық компаниялардың басқа елдердің экономикасына инвестиция салуы немесе қаржыны шетелге орналастыруы алаңдаушылық туғызады. Біз мұны көптен бері айтып келеміз. Мысал ретінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «QazTech Ventures» акционерлік қоғамының стартаптарды дамыту үшін Сингапурдағы венчурлік қорлардың біріне 10 млн доллар көлемінде салым салғанын келтіруге болады. Сол секілді ел азаматтарының 250 млн доллар көлеміндегі зейнетақы жинағын Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына мәжбүрлі түрде айырбастай отырып, Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларына тәуекелмен инвестициялаудың соңы немен аяқталғанын қоғам әлі ұмытқан жоқ. Шетелдік жобаларға салынған инвестициялардың ашықтығы мен нәтижесін талдау, олардың тиімділігі, теріс салдарға әкеп соқтырған шешім қабылдаған тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат жоқ. Бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкелер еді. Сыртқы қарыз деңгейінің төмендеуіне, жергілікті стартаптардың және басқа да қажетті жобалардың дамуына ықпал етер еді, – дейді А.Қоңыров.
Мемлекет басшысының Мәжілістегі баяндамасынан «Самұрық-Қазына» қорын реформалау мүлдем мүмкін болмаса, оны тарату керек деген сыңайды байқадық. Үлкен қорды таратқан жағдайда ел экономикасы не болмақ? Салдары қандай? Бұл сұрақты экономист Мақсат Халыққа қойып көрдік.
– Бізде ұлттық компаниялар өте көп. Олардың еншілес ұйымдары да жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап жатыр. Өкінішке қарай, олардың өнімділігі, тиімділігі төмен. Мұндай компаниялардың көзін құрту керек немесе жеке секторға өткізетін уақыт келді. Экономиканы тежеп отырған ауқымды күштердің бірі – мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланатын монополист компаниялардың шамадан тыс көбейіп кетуі. Бұл фактор экономиканың дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан үлкен өзгерістер қажет.
Мәселен, кезінде «ҚазАгро» холдингіне қатысты көп сын айтылды. Тиісінше, оң шешім қабылданды. Холдинг «Бәйтеректің» құрамына өтті. Енді кезек Қазақстан даму банкіне де жеткен секілді. Жалпы, мемлекет тарапынан даму институттары құрылған уақытта өнеркәсіпті дамытуды, экономиканың нақты секторын инвестициялауды, жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуді көздейді. Алайда түптеп келгенде аталған құрылымдардың бәрі белгілі бір топтардың қарамағындағы ірі компанияларға ғана жұмыс істейді.
Егер Президент емеурін танытқандай, «Самұрық-Қазынаны» тап қазір тарата салсақ, экономикамыз тығырыққа тіреліп, түсініксіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Бірақ бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Өйткені қордың ішінде халық игілігі үшін жұмыс істейтін монополист компаниялар да бар. Мұндай стратегиялық компанияларды мемлекет өз үлесінде ұстап қалғаны жақсы. Аты да, заты да беймәлім компаниялар мемлекеттік сатып алуларға қатысып, мемлекеттік бюджетке өтінім беріп жүр. Сол арқылы материалдық-техникалық базасын соңғы стандарттарға сәйкес жасақтап алғандар қаншама. Меніңше, бұл дұрыс емес. «Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларының кереметтей кеңселерін жасақтауға жұмсалған шығынды әлеуметтік салаға бағыттаған әлдеқайда тиімді болар еді, – дейді М.Халық.
Ашық та жабық квазимемлекеттік секторға шынымен реформа қажет. Президент пәрмен берді. Үкімет іске кірісті. Енді нәтижесін күтеміз.
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар