Қазақстан • 18 Қаңтар, 2022

Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында 144 жоба іске қосылды

584 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2021 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,3 трлн. теңгені құрайтын 144 жоба жүзеге асырылды. Өндіріс ошақтарында 12,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында 144 жоба іске қосылды

- тамақ өнеркәсібі – 41 жоба;

- құрылыс индустриясы – 26 жоба;

- машина жасау – 18 жоба;

- металлургия – 16 жоба;

- химия өнеркәсібі – 10 жоба;

- жеңіл өнеркәсіп – 8 жоба;

- ағаш өңдеу – 3 жоба;

- мұнай өңдеу – 3 жоба;

- фармацевтика – 1 жоба;

- энергетика – 12 жоба;

- басқа салалар – 6 жоба.

Жобалардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, сондай-ақ Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан.

Іске қосылған жобалардың ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады.

1. Қарағанды облысындағы "Жәйрем КБК" АҚ байыту фабрикасының құрылысы және жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту. Заманауи полиметалл байыту фабрикасының қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға жуық кенді өңдеуге мүмкіндік береді.

Мұнда ең заманауи технологиялар қолданылады. Бұл жаңа карьер, цифрландырудың жоғары дәрежесі бар толық автоматтандырылған фабрика және инновациялық жабдықтар. 400-ге жуық қосымша жұмыс орны ашылды. КБК Қазақстандағы мырыш және қорғасын концентраттарының ең ірі өндірушісі болады деп күтілуде.

2. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қолданыстағы сульфидті фабриканы қайталау арқылы Ақтоғай КБК-нің қайта өңдеу қуатын кеңейту.

Ақтоғай КБК қайта өңдеу қуатын кеңейту жобасы 2017 жылы "KAZ Minerals" компаниялар тобының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында басталды. Комбинаттың екінші кезегін іске қосу кен өңдеуді жылына 25 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

2022 жылдан бастап кен орнында 190 мың тонна мыс, оның ішінде 20 мың тонна катодты мыс өндіріледі деп жоспарлануда. Кәсіпорында алдыңғы қатарлы технологиялар, атап айтсақ, жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалар белсенді қолданылады.

 3. «Qaz Carbon» ЖШС (Қаз Карбон) Қарағанды облысында агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу.

 

Кәсіпорынның ерекшелігі мұнда сұранысқа ие өнімді қысқа мерзімде шығаруға бейімделген жабдықтар бар. Автоматтандыру, жаңа технологиялар адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Барлық пештер өндірісті басқару орталығынан басқарылады, операторлар бейнекамералар арқылы технологиялық процесті бақылайды.

 

Өнімнің 8 түрі бар, олар Nippon Steel, Marubeni Corporation, "АрселорМиттал" (Люксембург) және т.б. сияқты шетелдік алыптардың сұранысына ие. Экспорт географиясы Жапония, Ресей, Еуропа елдері мен ТМД-ны қамтиды.

4. «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС трансформаторлар өндірісі. Зауыт 6, 10, 35 кВ кернеу класындағы тарату трансформаторлары мен жоғары вольтты ұяшықтар шығарады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 13 000 бірлік өнімді құрайды. Шығарылатын өнімнің 98% - дан астамын ТМД елдеріне экспорттау жоспарлануда.

 5. «QazTehna» ЖШС Саран қаласындағы Yutong жолаушылар автобустарын өндіру. Кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты Yutong брендінің 1200 бірлік жолаушылар автобусы мен электр автобустарын, сондай-ақ карьерлік, құрылыс және жол техникасының 500 бірлігін құрайды.

 

Компания сатып алған барлық жабдықтар стратегиялық серіктес — Zhengzhou Yutong Group Co., Ltd. компаниясымен арнайы әзірленген және жинақталған. Қолданылатын жабдық жеткілікті икемділікке ие және QazTehna қызметкерлеріне бір бұйымды дайындаудан екінші бұйымға жылдам қайта баптауға, сондай-ақ тапсырыс берушіге аз мөлшерде қажетті бөлшектердің кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік береді.

 

Өндірілетін өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстанның көліктік, тау-кен өндіруші және өнеркәсіптік компаниялары болып табылады. Болашақта таяу шет елдердің нарығына шығу қарастырылуда.

 

  1. Қызылорда облысында "Orda Glass" ЖШС табақ шыны өндіретін зауыт техникалық іске қосылды. Қуаты жылына 197 100 тонна табақ шыны өндіру және өңдеу жөніндегі шыны зауыты Қызылорда қаласының Индустриялық аймағында орналасқан. Шыны күнделікті өмірдің көптеген салаларында жоғары сұранысқа ие. Отандық шыны тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысында, машина жасауда, эиһаз және интерьер заттарын өндіруде қызметтер мен тауарлардың өзіндік құнын едәуір төмендетеді.