Спорт • 19 Қаңтар, 2022

Қазақстан Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 8 спорт түрінен 82 жолдама алды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қаңтар күні ақ Олимпиада ойындарына арналған барлық іріктеу және рейтингтік додалар аяқталып, басым бөлігі үлестірілді. Нәтижесінде Қазақстандық атлеттер спорттың 8 түрінен 82 жолдамаға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 8 спорт түрінен 82 жолдама алды

Шаңғы жарысы бойынша 30 жолдама қоржында. Фристайлшылар тоғыз жолдамаға ие болған. Оның ішінде могул бойынша – 5, акробатика бойынша 4 жолдама бар. Конькишілер мен биатлоншылар – 12, шорт-трекшілер тоғыз жолдаманы қоржынға салды. Тау шаңғысы мен шаңғымен тұғырдан секіру спортынан ел құрамалары төрт жолдамадан еншілесе, шаңғы қоссайысынан отандық спортшылар екі лицензияға иелік етті.

Бүгінгі таңда олимпиадалық құрама сапына 32 спортшы енді. Айта кетерлігі, бұл спортшылардың соңғы әрі нақты саны емес. Себебі ҰОК кейбір спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың лицензияларды қайта бөлу, үлестіру нәтижелерін күтуде. Атап айтқанда, биатлон, шаңғы жарысы, могул және акробатикадан тағы да жолдамалар үлестірілуі мүмкін. Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың соңғы әрі нақты тізімі 20 қаңтардан кейін белгілі болады.