Қоғам • 25 Қаңтар, 2022

Ірі сауда орындарындағы баға бақылауда

331 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Үкіметке қысқа мерзім ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын жою, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау туралы маңызды міндет жүктеген болатын. Президент пәрменінен кейін Қостанай облысында қымбатшылықпен күресудің нақты шаралары қолға алына бастады.

Ірі сауда орындарындағы баға бақылауда

Мысалы, 20 қаңтарда Қос­танай­дағы бірнеше супермаркет­тер мен қала әкімдігі әлеумет­тік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарын арзандату туралы мемо­ран­думға қол қойды. Құжат­та бекі­тілген тізімге енген өнім­дер­­дің үстеме бағасы 3%-дан ас­пауға тиіс. Алайда бизнес өкіл­дері әлеу­меттік маңызы бар азық-тү­лік саудасынан түсетін табыс­тың мар­дымсыз екенін айтады.

– Бұл өнімдер біздің дүкен­дер­ге ешқашан табыс әкелген емес, тіпті пайдасынан гөрі шы­ғы­ны басым десем болады. Мы­са­лы, біз әлеуметтік нан мен сұ­йық майға 1-3% үстеме қосып са­та­­мыз. Жұмыртқа мен қанттың өзін­­дік бағасына 3-5 пайыздың ара­­­­сында үстеме қосылады. Та­уар­­­ды дүкенге жеткізу және сау­да қыз­­­метк­ерлеріне еңбекақы тө­леу де­­­ген­ді ескерсек, біз қос­қан үс­теме жоққа тән. Соған қара­­мас­­тан, бұл өнімдер сауда сөре­­лері­нен алынып тасталған жоқ, біз әлеу­­мет­тік тауарлардың тұр­­ғын­­дар үшін қан­шалықты ма­ңыз­ды еке­нін жақсы түсінеміз, – деді бір­н­еше ірі сауда орындарына иелік етіп отыр­ған «Кварт ЛТД» сер­ік­­­тес­­ті­гінің директоры Наталья Лапшина.

Азық-түліктің саудадағы нар­қы оның өзіндік құнына тә­уел­ді екенін айтқан сауда орын­да­ры­­ның басшылары қала әкі­міне ауыл­­шаруашылық тауарла­рын өн­­діруші кәсіпорындарға да назар аударып, олармен де баға­ны арзандату бағытында жұ­мыс жүргізуді сұрады.

– Тұрғындар сөредегі баға­ны кө­реді де, мұны дүкеннің өзі қой­ған екен деп ойлайды. Қазір оңай дүние жоқ. Мысалы, біз көк­ө­ніс өнімдерін жергілікті шаруа қожа­лықтарынан сатып аламыз. Шаруа қожалықтары қосым­­ша құн салығын төлемейтіндер­дің санатында жоқ. Сондықтан ҚҚС-ны дүкендер төлейді, яғни біз ша­руа­шылықтан сатып ал­ған өнім­нің үстіне алдымен 12% ҚҚС қосып, одан кейін ғана өзі­міздің 3 пайыздық үсте­ме­міз­ді қосамыз. 1% үстеме қоса­тын, тіпті кейде мүлдем үстеме қоспай, құн салығын ғана үстеп сататын кездеріміз болады, – дейді «Астықжан Қостанай» ЖШС директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жанбатыров.

5 қаңтарда Президент әлеу­меттік маңызы бар тауарларды мемлекеттік реттеу мәселесін шешуді тапсырғаннан кейін, 16 қаңтарда Қостанай қаласының әкімдігі тауық етінің шекті ба­ғасын 890 теңгеден асырмау тура­лы қаулы шығарған. Ал 25 қаң­тардан бастап көкөніс өнім­дері мен қант және сұйық май арзандайды.

– Қазіргі басты мәселе, Қос­танайда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауына жол бермей бағаны ұстап тұру болып тұр. Бұл мәселені ерекше бақылауға алып отырмыз. Бірін­шіден, тауар өнді­ру­ші­лермен өнімді сауда желі­леріне ешбір делдалсыз тікелей жеткізу туралы шартқа отыру жұмыстарын жүр­гіздік. Сауда орындары сөре­ге қойылған тауарға мей­лін­ше төмен үстеме қосатын болады. Бүгінге дейін жергілікті кәсіпорындармен осындай маз­мұндағы 160 шартқа отырдық. Сонымен қатар сауда желілері мен шағын дүкендерде бірін­ші сұрыпты әлеуметтік нанның бағасын 88-89 теңгеден сатуға атсалысу жөнінде ірі наубайханалармен де келісіп, бұл мәселені түбегейлі шештік. Қазір нау­байханалар әлеуметтік нан пісіретін ұн­ның килосын 100 теңгеден тұ­р­ақ­тандыру қорынан сатып алып жатыр. Сондай-ақ «Север Птица» құс фабрикасы әлеуметтік жұ­мырт­қаның біреуін 38 теңгеден сату туралы келісімге қол қойды. Құс фабрикасы күніне 10 800 жұ­мыртқа шығарады. Бірақ бұл қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Мұның сыр­тында, әкімдіктің ұйым­дас­тыруымен «Промбаза 7» серік­тес­тігі қаладағы сау­да орындарына сұйық майдың литрін 720 тең­геден жеткізіп беруге уәде етіп отыр. «Мибеко» серіктес­тігі шы­­ғаратын қарақұмық жарм­асы­ның шекті бағасы 480 тең­геден әрі аспайды, – деді қала әкімдігіне қарайтын кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Илона Тимошенко.

13 қаңтарда облыс әкімдігі арнайы қаулы шығарып, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің шекті бағасын бекіткен. 25 қаңтардан бас­тап заңды күшіне енетін бұл қаулыда қырыққабаттың килосы – 104 теңге, картофель – 140, сәбіз – 148, пияз – 86 теңге, қанттың баға­сы – 289 теңге, ал сұйық май­дың бір литрі 767 теңге болып белгіленді.

Әлеуметтік маңызы бар тауар­лардың жаңадан бекітілген бағасы алдағы үш айға дейін сақ­талады. Оған дейін күн сайын арнайы мониторингтік топтар сауда нүктелерін аралап, азық-түліктің қымбаттамауын бақы­лауға алатын болады.

 

Қостанай облысы